15 Қараша, 2016

Ақтөбеде 24 млрд. теңгенің мүлігі жария етілді

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе қаласында мүлікті жария ету барысында 24 млрд. теңгеге 10237 мүлік жария етілді. Бұл туралы Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтөбе қаласы әкімдігі жанындағы мүлікті жария ету комиссиясының ақпаратына сәйкес комиссияға 5916 арыз келіп түсіп, оның ішінде 5814 арыз қаралған. 4802 арыз бойынша мүлік жария етілді, 1012 арыз түзету үшін қайтарылды, 102 арыз комиссияда қаралуда. Яғни, Ақтөбе қаласында 24 млрд. теңгеге 10237 мүлік жария етілген. Естеріңізге сала кетсек, мүлікті жария ету комиссиясы құжаттарды қабылдау 2016 жылдың 30 қарашасына дейін қабылдайды.