15 Қараша, 2016

Астанада құрылыс аумағында өрт болды

396 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
photo_31534 Елордада салынып жатқан тұрғын үй кешенінің аумағында өрт болды, - деп хабарлайды egemen.kz Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. Айта кетейік, өрт арнайы қызметкерлер келгенге дейін сөндірілген. "Сағат 14.52-де Хусейн бен Талал - Орынбор көшелерінің қиылысында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Сағат 14.59-да салынып жатқан "Арнау" тұрғын үй кешенінде жылыту құралының жанып кеткені анықталды. Өрт арнайы қызметкерлер келгенше сөндірілген. Өрттің аумағы бес шаршы метрді қамтыды", - деді Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері.