15 Қараша, 2016

Биыл қазақстандықтар 665 млн. долларға көлік алған

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2016 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында Қазақстанда 34 581 жеңіл көлік сатып алынған. Бұл туралы Қазақстанның автокөлік саласы кәсіпорындары Кеңесінің баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет тұрғындары осы уақыт аралығында автокөлік сатып алуға 665 миллион доллар қаражат жұмсапты. Қазақстандықтар көбінесе шетел көліктерін сатып алады. Ал жергілікті өндірушілерден тек 8199 көлік алынған екен. "Қазақстандықтарда Lada брендіне сұраныс көп. 2016 жылдың 10 айы ішінде республика ішінде осы ресейлік марканың 6578 көлігі сатылған. Toyota көлігі - 6547. Сұранысқа ие үштікті Renault (3180) түйіндеп тұр", - деді ұйым. Биыл көлік сатып алуда Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды, Өскемен, Шымкент, Ақтау, Қостанай, Орал және Ақтөбе белсенділік танытқан.