15 Қараша, 2016

Ұлттық банк таныстырған банкнот пен монетаның сипаттамасы

562 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
era_0805 Елордада Ұлттық валюта күніне арналған алқалы жиын өтті.  Осы конференцияда Ұлттық Банк төрағасы Данияр Ақышев Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған 10 мыңдық сувенирлік банкнотты және монетаны жұрт назарына ұсынды. era_0892 Банкнотты таныстыру салтанатында айтылғандай, он мыңдық купюрада сақтар дәуірінен бүгінгі күнге дейінгі тарих жинақталған. Қазақстанның картасы ел халқының ортақ үйі ретінде көрсетілген. Қазақ Елі монументіндегі Самұрық құс өткен күн мен бүгіннің сабақтастығын бейнелейді. Мерейтойлық купюра Президентіміздің ел дамуына сіңірген ерен еңбегінің көрінісін бейнелеуге бағытталған. era_1065 5 мың номиналды монетаға тоқталар болсақ, ол 925 сынамды күмістен жасалыпты. Беткі жағында Қазақ елі монументі, ұлттық киімдегі әр ұлт өкілдері бейнеленген. Күн шапақтарының көрінісімен көмкерілген монетаның салмағы 777,5 грамға тең. Данияр Ақышев айтқандай, Ұлттық Банк сувенирлік банкнот пен монетаны Қазақстан Ресбуликасының Тұңғыш Президенті күні — 1  желтоқсанда жарыққа шығарады. Осылайша, Тәуелсіздік тойының қарсаңында халқымыз үшін үлкен сый жасалмақ. Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»