16 Қараша, 2016

Қайсарлықтың қарымтасы

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
daniyar-taymenov-2Семейлік мүгедек спортшы Данияр Тайменов қол күресінен Болга­рияның Благовград қа­ласында өткен додада екі мəрте чемпион атанды. Ол 80 кило салмақта өнер көрсетіп, алдына жан салмады. Мұнда біздің жерлесіміз оң қолмен де, сол қолмен де күресіп, қарсылас шақ келтірмеген. – Ұлым Данияр чемпио­натқа Шығыс Қазақстан облы­сының әкімі Даниал Ахме­товтің қолдауымен барып келді. Ол бала кезінен жабыс­­қан ден­саулығы кінәратына қара­­май, спортпен белсене айна­лысады, – дейді спортшының анасы Сайраш Тайменова. – Ол бұған дейін мүмкіндігі шектеулі жандардың арасын­да Қазақстан мен Азия Кубок­тары­ның иегері атанған болатын. Польшада өткен сайыста тұң­­ғыш рет əлем чемпионы бол­ды. – Спортшының əлі де алар асуы мол. Біз оған сенеміз. Ол өзі­не сенген жанкүйерлерінің сенімін ақтайды, – дейді аға жат­­тықтырушы Төлеген Саға­таев. – Ол он жылдан бері өзіне спортты серік етіп келе­ді. Қаладағы құлағы нашар ести­тіндерге арналған №4 мек­теп-интернаттың түлегі. Қайсар жан спортты жақсы көреді. Раушан НҰҒМАНБЕКОВА СЕМЕЙ