16 Қараша, 2016

Телефон арқылы сөйлесті

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен  телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Əңгіме барысында Қазақстан мен Ресей көшбасшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мəселелерін талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин сондай-ақ күн тəртібіндегі халықаралық мəселелер, соның ішінде Сириядағы ахуал жөнінде пікір алмасты. Бұдан бөлек, мемлекеттер басшылары алдағы кездесулердің кестесін қарастырды.