16 Қараша, 2016

16 қарашаға арналған ауа райы болжамы

422 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
1141099_468_311_source 16 қарашада республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады,  кей жерлерінде  жауын-шашын  жауады. Орталық және шығыс аймақтарда бұрқасын болуы ықтимал. Тек республиканың солтүстігінде  күн ашық. Кей өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-22 м/с  күшейеді. Қазгидрометтің хабарлауынша, Алматы облысының кей жерлерінде тұман,  көктайғақ, жел 17-22 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман,  көктайғақ, желдің екпіні 23 м/с жетеді, бұрқасын. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман,  көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді, бұрқасын болуы ықтимал. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі,  көктайғақ, жел соғып, 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау,  Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.  Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі.