16 Қараша, 2016

«Барыс» өз антирекордын жаңартты

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
450_582b594136f79 Астаналық «Барыс» сырт алаңдағы Құрлықаралық хоккей лигасы чемпионатының матчында санкт-петербургтық СКА  командасынан 0-9 есебімен ұтылды, деп хабарлайды Sports.kz. Атап өтсек, бұл «Барыстың» маусымдағы бірінші рет ойсырай ұтылуы емес. Қазан айында қазақстандықтар өз алаңында Ярославтың  «Локомотивінен» 1-8  есебімен сүрінген еді. Сонымен, СКА-дан қирай жеңілген «Барыс» клубтың антирекордын орнатты. Дегенмен, ірі жеңілісіне қарамастан «Барыс» плей-офф кезеңіндегі ойынын жалғастыра береді. Оның қоржынында 29 матчтан кейін 40 ұпай бар.