16 Қараша, 2016

Кейкі батырдың бас сүйегі жерленетін орын белгіленді

497 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
_mg_7987 Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов бастаған топ Амангелді ауданының Тасты ауылдық округінде болып, Кейкі батырдың бас сүйегі жерленетін орынды белгіледі. Осы жерде Кейкі батырға оның ұрпақтары қойған белгі-кесене болатын. Бас сүйек те осы белгінің қасына жерленетін болды. _mg_7975 «Осы жерде мамыр айында кесене құрылысы басталып, ол тамыз айында аяқталатын болады. Қыркүйек айында  батырдың сүйегін жер қойнына тапсыру рәсіміне орай үлкен шара өтеді», - деді Архимед Бегежанұлы. _mg_8013 Өңір басшысының айтуынша, белгіленген жерден кесене үшін 2000 шаршы метр жер бөлінеді, инфрақұрылымдық жұмыстар жүреді. Архитекторлар кесене жобасының 3-4  нұсқасын дайындайды. Оны облыс әкімдігі республикалық комиссияға ұсынатын болады. Келесі жылы Амангелді ауданында антропологиялық жұмыстар басталады. Егер батырдың дене сүйегі табылса құба-құп, ал табылмаған жағдайда бас сүйектің өзі жер қойнына тапсырылады. Нәзира Жәрімбетова, "Егемен Қазақстан". Қостанай блысы, Амангелді ауданы