16 Қараша, 2016

Шығыста қатты аяздан сабақтар тоқтатылды

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

39336

Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының мәліметі бойынша, бүгін өңірдің бірқатар қалалары мен аудандарында қатты аязға байланысты сабақ тоқтатылды. 

Ауа температурасының -34 градусқа дейін төмендеуіне орай Өскемен қаласында 1-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттеріне, -32 градусқа дейін төмендеген Риддер қаласында 1-9 сынып оқушыларына, -29 градусқа дейін төмендеген Семей қаласында 1-11 сынып және колледждердің 1-2 курс оқушыларына, сондай-ақ -33 градусқа дейін төмендеген Шемонайха ауданында 1-11сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды.

Қатты аязға орай Абай, Бесқарағай, Жарма, Көкпекті, Аягөз аудандары мен Курчатов қаласында да сабақ болмайды.

Думан АНАШ,

"Егемен Қазақстан"

Шығыс Қазақстан облысы.