16 Қараша, 2016

Балқаш ауданында ет өндірісі артты

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының ет өндіру мен өңдеу ісін дамыту туралы тапсырмасына орай Балқаш ауданында іргелі жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Аудан әкімі Ғалым Тоқпейісовтің айтуынша, бүгінгі күнге дейін аудан ішкі нарыққа 1038 тонна сиыр етін өткізген. Өткен жылы «Жақсылық» шаруа қожалығы Қырғыз еліне экспортқа ет шығарды. Осы аудандағы «Дархан» шаруа қожалығы жеке қаражаты есебінен 12 млн. теңгеге 200 бас ірі қараға арналған мал бордақылау алаңын салып жатыр. Отбасылық шаруашылық түрлерін қолдау аясында «Игілік - 2009» шаруа қожалығы 30 басқа, «Аңсар» шаруа қожалығы 40 басқа арналған отбасылық бордақылау алаңдарын құрып, жұмыс істеуде.