16 Қараша, 2016

Астанада Никола Тесла көшесі ашылды (фото)

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
unnamed Бүгін елордада Никола Тесла атындағы көшенің ашылу салтанаты өтті. Оған Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев пен Сербия елінің Премьер-Министрі Александр Вучич қатысты. unnamed-1   «Қазақстанға алғаш рет келіп тұрмын және алғашқы сапарымның аясында Сербия мен әлем бойынша танымал тұлға - Никола Тесла атындағы көшені ашып тұрмын»,-деді Сербияның премьер-министрі Александр Вучич. unnamed-2 Никола Тесла физика, радиотехника, электротехника сияқты салаларда еңбегі сіңген өнертапқыш, ғалым болған, 700-ден астам патенттің авторы. Сондай-ақ, АҚШ-тағы Ниагар сарқырамасындағы алғашқы су электр станциясының құрылысына еңбек сіңірген. unnamed-3 Ал, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев Тесла атындағы көшені аша отырып, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың нығая түскенін атап өтті. unnamed-4 Суреттерді түсірген Ерлан Омаров "Егемен Қазақстан"