ЭКСПО-2017 • 16 Қараша, 2016

EXPO-2017 құрылыс аумағындағы ғимарат құлады

3419 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
EXPO-2017 құрылыс аумағындағы ғимарат құлады

1111 Астанадағы EXPO-2017 аумағында құрылыс бөлігі опырылды, - деп хабарлайды Қазақпарат. "Декоратив көпірдің бір бөлігі бар еді, ол расында опырылды. Бұл бүгін, 16 қарашада бірнеше сағат бұрын болып отырған жағдай. Себептерін әзірше білмеймін. Бұл ғимаратты BI Group компаниясы салып жатыр. Олар енді жобалаушыны шақырды, құрылыс бөлігін қайта қалпына келтіретін болады", - деді "Астана ЭКСПО-2017" ҰҚ АҚ қоғаммен байланыс департаментінің директоры Сергей Куянов. Оның айтуынша, ұлттық компаниядағылар ғимаратты әзірше пайдалануға қабылдамағандықтан, бұл мәселені енді мердігерлер өз қаражатына қайта қалпына келтіруі тиіс. 222