23 Қараша, 2016

"Астана" ойыншылары оқушылармен кездесті

329 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
dee4aa5b8ff536a97222284dd3a410ff_resize_w_520_h_ «Астана» командасының ойыншылары мен бапкерлер құрамы жаттығу жұмыстары алдында қаламыздың аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан №13, №57 мектеп оқушыларымен кездесіп, әңгімелесті. Кездесу барысында балалар «Астана» командасы ұжымынан қысқы маусымға арналған киімдерді сыйлыққа алып, өздерінің сүйікті ойыншыларымен естелік суреттерге түсті, деп хабарлайды футбол клубының баспасөз қызметі. cfdbd45b5f50b7a50cc8f7bb264a6306 "Бүгін біз үшін ерекше күн. Қаламыздың №13 және 57-ші мектептерінде оқитын жас достармен кездесуді бұрыннан ойластырып келеміз. Бұл балалар футбол ойнауды қаншалықты жақсы көретінін, өздері команда құрап, әртүрлі турнирлер мен жарыстарға қатысып жүргенін білеміз. Барша отандастарымыз үшін үлкен мереке – Тұңғыш Президент күні қарсаңында сіздермен кездесу ұйымдастыруды ұйғардық. Бәрімізге белгілі, 1 желтоқсан – Тәуелсіз Қазақстандағы тұңғыш жалпыxалықтық президенттік сайлау күні. 1991 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстанның тағдыры талқы үстінде тұрған кезде, алғаш рет президенттік сайлау өтіп, онда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның тұңғыш Президенті болып сайланған еді. Еліміздің содан бергі даму тариxы Елбасы есімімен тікелей байланысты. Ал «Астана» футбол клубы Президент кәсіби футбол клубының құрамына енеді. Яғни, біз үлкен спорттық жанұя мүшелеріміз. Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы өз жолдауларында мемлекеттік ұйымдар әлеуметтік жауапкершілікті сезінуі тиіс екендігін, ал орта буын мен еліміздің қалталы азаматтары аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға қамқорлық жасауы қажет екенін үнемі айтып келеді, өйткені, отбасы – мемлекет тірегі. Біздің ел әрқашан xалықтың қорғаусыз қатпарларына қамқорлық жасап, әлеуметтік көмек көрсетіп келеді, бірақ, өкінішке қарай, бұл әрқашан да жеткілікті бола бермейді. Біз мұқтаждығы барларға қолымыздан келгенше көмек көрсету арқылы мемлекеттің әлеуметтік бағыттағы жұмыстарына атсалысуға бел будық" - дейді «Астана» футбол клубының атқарушы директоры Қайсар Бекенов. 7f6316ec4a6cbea328cd9a254eb951c5  
Соңғы жаңалықтар

Құтты мекен – Түгіскен

Руханият • Бүгін, 08:25

Ән аламаны әуеледі

Аймақтар • Бүгін, 08:12

Тобыл өңіріндегі тазалық акциясы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 08:10