Газетіміздің жыл басындағы сандарының бірінде «Жанар атты кішкентай сүйкімді қыздары бар Медет пен Қарлығаш Танкешовтердің отбасында үшемдер дүниеге келді. Пәтерлері жоқ жастар қазір облыс орталығындағы Лермонтов көшесі, 92-үйде орналасқан жатақхананың аядай ғана бөлмесінде тұрып жатыр, алдағы уақытта әкім-қаралар үшемдер тұрған үйге барып, өз көздерімен көріп, ойланар, көмектесер...» деп жазған едік.
Міне, бүгін облыс орталығында тағы бір жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді. Облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев Наурыз мейрамы қарсаңында үшемдердің ата-анасы Медет пен Қарлығашқа пәтер кілтін тапсырды. Әкесі Нұрсұлтан атты ұлды болғанына қуанышты екенін айтса, Қарлығаш «қазақ дәстүрі бойынша ұлымызды еркелетіп Сұлтан деп атаймыз», –деді бізбен әңгімесінде. Немере-шөберелерінің пәтер алғандарын өз көзімен көруге шалғайдағы Малайсары батыр ауылында тұратын әжелері де келіпті. Бір күнде үш шөберенің әжесі атанған қарт апамыз Елбасына алғысын айтқан. Тұрғындарды қуантқан 9 қабатты, 168 пәтерден тұратын бұл үй мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде салынған екен. Бір айта кететін жәйт, жаңа үйдің екі подъезі ипотекалық несиелеу жүйесі бойынша, ал қалған үш подъезі жалға беріліпті. Құрылысты В.Мезко басқаратын «Құрылыс» және А.Винерцев басқаратын «Стройимпульс» серіктестіктері жүргізіпті. Тұрғын үйдің бірінші қабатынан әлеуметтік-тұрмыстық нысандар – дәріхана, аула клубы, диспетчерлік пункт, полиция бөлімшесі орналасқан.
Фарида БЫҚАЙ, Павлодар.

Германия құрамасының қақпашысы әлем чемпионатында рекорд орнатты
Футбол • Бүгін, 11:55
Димаш Құдайберген өзінің LEGO-портретін жасаған оқушыларға лагерьге жолдама сыйлады
Қоғам • Бүгін, 11:53
Шымкентте сегіз жастағы қызға қырындаған ер адам айыппұлмен құтылды
Оқиға • Бүгін, 11:45
Қарасай ауданында жасырын есірткі зертханасы жойылды
Заң • Бүгін, 11:37
Дүкен сөрелерінде отандық өнім үлесі артты ма?
Экономика • Бүгін, 11:35
228 млн теңге шығын: Абай облысында пайдалы қазбаны заңсыз өндіргендер ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:22
Эбола індеті өршіп барады: Конгода қауіпті вирус жұқтырғандар саны 782-ге жетті
Әлем • Бүгін, 11:10
Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс Даңқ залына енді
Бокс • Бүгін, 10:45
Құмар ойын құрбаны: Атырауда «Махаббат рулеткасы» спектаклінің премьерасы өтті
Мәдениет • Бүгін, 10:33
Әлемдік туристік рейтингте Қазақстан нешінші орында?
Туризм • Бүгін, 10:10
Бүгін Испания Кабо-Верде құрамасымен кездеседі
Футбол • Бүгін, 10:07
АҚШ пен Иран келісімінен кейін мұнай арзандады
Әлем • Бүгін, 09:48
Рио-де-Жанейро аспанында екі тікұшақ соқтығысып, 6 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 09:33
Қазақстан триатлоншылары Азия чемпионатының алғашқы күнінде екі алтын жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 09:22
Әлем чемпионаты: Швеция Тунистен басым түсті
Спорт • Бүгін, 09:18