Әңгімелесу барысында Қазақстанда өтетін алдағы президенттік сайлау мәселелері талқыланды.
– Бұл маңызды кездесу болды. Мен президенттікке көрнекті кандидат Нұрсұлтан Назарбаевпен кездестім. Біздің миссиямыздың міндеті – Қазақстандағы сайлау жүйесін жақсарту және сайлауды өткізу тәжірибесін байқау. Президент алдағы сайлауды ашық, таза және әділ бағалауға кеңес берді, – деді журналистерге арналған брифингте Д.Эвертс.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, биылғы жылғы 3 наурызда «Нұр Отан» ХДП-ның Орталық аппаратында болғанында, Президент белсенді сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізбейтінін, ал мемлекеттік саясатты іске асыруда өзекті мәселелермен айналысатынын атап көрсеткен болатын. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ сайлауалды кезеңде қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтау қажеттігін атап өткен еді. Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі әкімдердің назарын сайлау заңнамасын сақтау қажеттігіне аударған. Барлық мемлекеттік билік органдары сайлау науқанының барысына араласпай, тек өз істерімен шұғылданулары керек. Президент Бас прокуратураға заңнаманың сақталуын қадағалауды қамтамасыз етуді, сайлау туралы заңнаманың бұзылғандығы жайлы шағымдар мен өзге өтініштер туралы деректерге жедел назар салып, қандай да бір құқық бұзшылық деректері орын алған жағдайда оны тез арада жойып, бұл ретте принципшілдік танытулары қажеттігі туралы тапсырма берген. Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев Байланыс және ақпарат министрлігіне сайлауалды үгіт-насихат кезеңінде кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына тең қолжетімділігін қамтамасыз етуді тапсырған. Мемлекет басшысы сайлауға байқау жүргізуді және қоғамдық байқауды қамтамасыз ету қажеттігін атап өткен.
Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ

Германия құрамасының қақпашысы әлем чемпионатында рекорд орнатты
Футбол • Бүгін, 11:55
Димаш Құдайберген өзінің LEGO-портретін жасаған оқушыларға лагерьге жолдама сыйлады
Қоғам • Бүгін, 11:53
Шымкентте сегіз жастағы қызға қырындаған ер адам айыппұлмен құтылды
Оқиға • Бүгін, 11:45
Қарасай ауданында жасырын есірткі зертханасы жойылды
Заң • Бүгін, 11:37
Дүкен сөрелерінде отандық өнім үлесі артты ма?
Экономика • Бүгін, 11:35
228 млн теңге шығын: Абай облысында пайдалы қазбаны заңсыз өндіргендер ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:22
Эбола індеті өршіп барады: Конгода қауіпті вирус жұқтырғандар саны 782-ге жетті
Әлем • Бүгін, 11:10
Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс Даңқ залына енді
Бокс • Бүгін, 10:45
Құмар ойын құрбаны: Атырауда «Махаббат рулеткасы» спектаклінің премьерасы өтті
Мәдениет • Бүгін, 10:33
Әлемдік туристік рейтингте Қазақстан нешінші орында?
Туризм • Бүгін, 10:10
Бүгін Испания Кабо-Верде құрамасымен кездеседі
Футбол • Бүгін, 10:07
АҚШ пен Иран келісімінен кейін мұнай арзандады
Әлем • Бүгін, 09:48
Рио-де-Жанейро аспанында екі тікұшақ соқтығысып, 6 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 09:33
Қазақстан триатлоншылары Азия чемпионатының алғашқы күнінде екі алтын жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 09:22
Әлем чемпионаты: Швеция Тунистен басым түсті
Спорт • Бүгін, 09:18