30 Наурыз, 2011

Болашақ бізбен

447 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
Mенің сайлауалды тұғырнамамның негізі – қарапайым адам мүддесін қорғау және  тұтынушылық идеологиясын жеңу болып табылады. Тек әлеуметтік тұрғыдан толық­қанды дамыған және интеллектуалды мемлекет қана таңдалғандарға ғана емес, барлық қазақстандықтар үшін жарқын болашаққа кепілдік бере алады. 1-бөлім. САЯСАТ Орталық билік органдарын реформалау Конституция ресми мәлімдеуші емес, үнемі қолданыстағы тікелей әсер ететін заң болуы тиіс. Қоғамда билік айқын бө­лі­нуі керек: президенттік-парламенттік бас­қа­ру үлгісіне біртіндеп көшетін заң шыға­рушы, сот және атқарушы билік. Еркіндік және құқық бұзушы сот шешімдері мен атқарушы билік шешімдерін өзгер­туге қабілетті адам құқын қорғау бағы­тын­дағы өкілетті институт жүйесін енгізу керек. Әкімшіліктер және мәслихаттар. Орталықсыздандыру және жергілікті өзін-өзі басқару Әкімдерді бірден тағайындау жүйесі шалыс болып барады, олар сайлануы тиіс және республика соған келе жатыр. Мәс­ли­хаттың атқаратын қызметін күнделікті негізге көшіру. Кадр және бюджет саясаты аясында әкімшілік-аумақтық бірлікке сәй­кес мәслихаттың өкілеттілігін кеңейту. Қоғамдық дамудың жемқорлыққа қар­сы теориясын дайындауға арналған қажет­ті жағдайларды құруымыз керек. Жем­қор­лық қатынастарға дағдыланған жұртшылыққа өзгелерді сатып алу нәтижесінде міндеттерді шешу мүмкін­діктері  жоқ ортада өмір сүру қиын болады. Сот реформасы Сот жүйесін реформалау соттың биліктің басқа тармақ­та­ры­на тәуелді болмайтындай мәртебесін арттыру бағытында жү­­ру­ге тиіс. Оны орындау тәсілі: сотты халық сайлау керек жә­не рес­публика парламенті арқылы мемлекетпен толық қамта­ма­­сыз етілген Жоғарғы Сот судьяларын өмір бойына тағай­ындау, сондай-ақ Конституциялық Сот институтына қайта оралу. Партиялық жүйе Партиялық жүйе теңестірілген болуы тиіс, билік пен оппозицияның барынша қарама-қарсылық шегінен кету керек. Партиялар биліктің зертханасы болуы керек. Партиялар кеңістігінде тиімді күштердің үшінші орталығын құру керек. Парламенттегі депутаттық орынға өтудің қазіргі 5% «сайлау табалдырығын» 3%-ға дейін төмендетуді ұсынамын. Сөз және баспасөз бостандығы. БАҚ-қа қатысты саясат Бұқаралық ақпарат құралдары биліктің төртінші тарма­ғы­на біржолата айналуы керек. БАҚ-тың әртүрлі саяси ұстаным­да­рын­дағы айырмашылықтың өзі қоғамның әр түрлі ақпа­рат­тануына жан-жақты әсерін тигізеді. Ол үшін ақпараттық ағым­дар­дың кедергісіз көпірлерін құру және оған көпжақты ком­му­никациялық арналарды қосу арқылы Қазақстан Респуб­ли­ка­сының ақпараттық кеңістігін дамыту қажет. Сайлау заңнамасын жетілдіру Тек ашық және мемлекеттің емес, қоғамның бақылауын­дағы сайлау жүйесі ғана барлық саяси және әлеуметтік заң органдардың өкілеттілігін қамтамасыз ете алады. Сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру саяси партиялардың өкілдігінсіз республикалық қоғамдық ұйымдарға және жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдарына бекітіліп берілуі керек. Сыртқы саясат және қауіпсіздік Қазақстан сыртқы саясатының басымдылығы Ресей Федерациясы болып табылады. Қоғамдық талдау негізінде ұлттық артықшылығымызды сақтай отырып, ДСҰ-ға біртіндеп кіруді жақтаймын. Батыс ел­дері­нің экономикасы тұрақтылық пен алыпсатарлық қағи­да­ла­ры­на жұмыс істейді. Бұдан басқа біз 2012 жылы Жер шары тұр­ғындарының саны 7,0 млрд. адамға жететін жағдайды қамтамасыз етіп отырған табиғи ресурстарға негізделген өзге елдер экономикасының қатарындамыз. Экологиялық қауіпсіздік Өндірістік кәсіпорындардың қоршаған ортаны ластамау жауапкершілігін арттыруға байланысты заңнамаларды қазіргі заман талабына сәйкестендіру керек деп есептеймін. Өндірістік кәсіпорындардың экологиялық қажеттіліктеріне қайтарымды қаржы бөлетін және экологиялық мәселелерді шешумен айналысатын инвестициялық Экологиялық қор құру қажет. 2-бөлім. ЭКОНОМИКА   Еліміздің байлығы тең дәрежеде өсуі керек және өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы деңгейінің өсу ерекшеліктері бір-бірінің алдына шығып кетпеуі керек. Бұл міндеттерді орындау өндіріске технологиялық қажеттіліктерді енгізуін арттыруды талап етеді, яғни оларды көп ғылымды технологияларды игеру арқылы қалдықсыз өндіру қажет. Ауылға қаржылық ресурсты мақсатты ба­ғыт­тауды, оның ішінде жастарға арналған тұрғын үй құ­ры­лыстарын салуды, ауылдықтарды тұтастай ауыз сумен қам­тамасыз ету, ауыл кәсіпкерлеріне жер құнарлылығын арт­тыруда барлық жағдайды жасауды ұсынамын. Қажетті жерлерде тұрмыстық өнімдерді шығаруда бірлескен кәсіп­орын­дарды құру және шағын тауар өндірушілерді ірі қауым­дас­тық­тар пен кооперативтерге біріктіруге жағдай жасау керек. Шағын және орта бизнесті дамыту Әлемнің барлық елдерінде шағын және орта бизнес салықтың көп бөлігін құрайды және тех­нологиялық дамудың алғы шебінде жү­реді.  Қазақстан эко­но­микасындағы шикі­зат­тық бағытты еңсе­ру, шағын және орта кәсіп­орындарды да­мыту арқылы инно­ва­циялық өнімнің үле­сін ұлғайту  керек. 3-бөлім. ӘЛЕУМЕТТІК САЛА Зейнеткерлер, зейнеткерлік реформа Ынтымақты зейнеткерлік жүйені бірте-бірте қысқарта отырып, жинақтаушы, ерікті және табиғи ресурстарды сату есебінен мемлекеттік базалық үш деңгейлі зейнеткерлік қамта­ма­сыз ету жүйесін құру. Зейнеткерлік қамтамасыз ету сала­сын­да бәсекелестік на­ры­ғын, атап айт­қанда, зейнеткерлік төлемақыларды қа­лып­тас­тыру. Салымшылардың сапалы зейнеткерлік қызметті таңдауға құқық­та­ры болуы тиіс. Міндетті және ерікті әлеуметтік сақ­тандыру жүйесін дамыту. Зейнеткер күнкөрісінің көкейге қо­ным­ды деңгейін арттыру мақсатында тұ­ты­нушы қызметтері мен тауарлар баға­сының өсуіне байланысты зейнетақыны көтеру. Ана мен баланы қолдау Жеткілікті қамтамасыз етілмеген және әлеуметтік тұрғыдан әлсіз әйелдерді қолдау. Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар бойынша төлемдер­дің көлемін өсіру. Олар ғылыми тұтынудың негізделген нормативтерін ескере отырып, көп балалы отбасылардың жағдай­ларына қарай, жүктілік және босану мерзіміне, балалардың кәмелетке толмаған кезеңіне байланысты есептелуге тиіс. Әйелдердің еңбек құқығын қорғау. Денсаулық сақтауды дамыту Адамдар денсаулығының деңгейі елдің мемлекеттік, әлеу­мет­тік-экономикалық, мәдени даму өлшемін анықтайды. Соңғы уақытта халық денсаулығының нашарлау үрдісі байқалады, әри­не, бұл экологиямен тығыз байланысты. Қазақстан азамат­тары­ның денсаулығын жақсарту мақсатында, мемлекеттің тұ­рақ­ты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз етуге ден­саулық сақтау саласына бағытталған бюджет қаржысын өсі­ру және медицина қызметкерлерінің еңбекақысын көтеру қажет. Денсаулық сақтау үшін қызметкерлер мен жұмыс берушінің мемлекеттік жауапкершілігін енгізу жөн. Жастар саясаты Ұлттық білім беру әлемдік деңгейге жақындауы керек. Да­рын­ды жастар шетел жоғары оқу орындарына толық мемлекеттік қамтамасыз етумен білім алуға тек халықаралық байқаулар, олимпиадалар, мәртебелі интеллектуалды іс-шаралардың лау­реаты немесе жеңімпазы болған жағдайда ғана жіберілуі тиіс. Қазақстанда кәмелетке толмаған жастардың құқықтарын, бос­тан­дығы мен заңды мүдделерін қорғайтын құқықтық шарттар құру. Жастардың кәсіпкерлігі бойынша бағдарламаларды дамыту керек. Жеткілікті қамтамасыз етілмеген тұрғындарды әлеуметтік қорғау Мүгедектер қоғамының өндірістік бірлестігі жүйесін қай­та­дан құру қажет. Тұрғындар қажеттіліктерінің төменгі әлеуметтік стандартын қарастыру. Тұрғындардың жәрдемақы, жеңілдіктері және төлемақы жүйесін өзгерту. Тілді дамыту Қазақстанда қазақ тілі мәселесі қарқынды талқылануда. Қазақ тілінсіз мемлекетіміз де, халық ретінде біз де жоғаламыз. Қазақ тілін ерікті түрде үйренуді қолдай отырып, оны мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға оқытуды ерекше назарға алу қажет. Қазақ тілін тегін үйретуге арналған орталықтарды құру және олардың ақпараттық қолжетімділігін арттыру қажет. Қазақ тілін ғылым, инновация және бизнес тіліне айналдырып, бәсекеге қабілеттілігін арттыру керек. Ғылымды реформалау, мәдениет пен өнерді дамыту, олардың әлеуетін мемлекет дамуына пайдалану Ғылыми мектептерді толығынан қайта қалпына келтіруге, мәдениеттану мектептерін құруға және өнерде жаңа бағыттар жасауға өткір қажеттілік туындап отыр. Ғылым, өнер, мә­де­ниет дамуының басым бағыттарын бюджеттен қаржы­лан­дыруды ұлғайту; ғылымдардың әлеуметтік қабатын қа­лып­тастырып, олардың мәртебесін көтеру керек. Қорытынды Мен отандастарымды жаңа Президентті сайлау күні өзгеріске, саяси эволюцияға, экологиялық қауіпсіздікке қадам басуға және болашаққа сеніммен қарауға шақырамын! __________________ Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат М.Х.Елеусізовтің сайлау қорының қаражатынан төленді. Тапсырыс беруші – Тимур Мэлсұлы Елеусізов.