20 Қаңтар, 2017

Арпаның артықшылықтары көп

768 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Астық көлемін арттыратын басты шарттар­дың бірі – жаңа, өнімділігі жоғары сұрыптарды тауып, оларды өндіріске жіберу ғой. Осы орай­да әлемде бүгінгі таңда тақыр дәнді арпаны қол­дану­дың жоғары екенін айтқымыз келеді. Оның тиімділігі мына жағ­дайлардан көрінеді: дәнінен жасалған құрамажем мен ұнның экономикалық тиімді­лігі өте жоғары; құрғақшы­лыққа төзімді және барлық табиғи жағдайларға шыдамды; Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректеріне қарағанда, 2000-2015 жылдар аралығында ауа райы­ның қолайлылығы жағ­дайында бұл арпаның өнімділігі бидайға қара­­ған­да гектарынан 1,5-2,5 цент­нер жоғары болған. Сонымен қатар, жүрек-қан тамырлары ауру­ларын, қант диабеті мен қатерлі ісік дерттерін қайтаратын диеталық тағамдарға қажетті био­логиялық компоненттер де мұнда жеткілікті. Өкінішке қарай, акаде­мик Бараев атындағы Астық ша­руа­­­шылығының ғылыми-өнд­іріс­­­тік ор­талығында өсіріліп шы­­ға­­рыл­ған арпаның осы баға­лы сұр­пы қазір Ақмола облы­сы­­ның 6624 гектарға тең аумақ­­тарын­да ғана өсіріледі. Сон­дық­­тан біз – Мәжілістегі әріп­тес­­терім В.Божко, Р.Ким және Ш.Нұрымов бәріміз ас­тық өндіру сала­сын әртараптандыру шең­бе­рін­­де тақыр дәнді арпаны ет дайындауға қолданылатын құра­мажемді жетілдіру рецеп­тура­сының қатарына енгізу, соны­мен қатар, оны астықты облыстарға өсіруді ұсыну қажет деп па­йым­­даймыз. Тақыр дәнді арпаның тұқы­мын бап­тайтын кәсіпорынды белгілеп, оған қаржы­лық қолдау білдіру де аса керек қой деп ойлаймыз. Осы арпа дәнінің жүрек-қан та­мыр­лары, қатерлі ісік және қант диабеті науқастарына қарсы ем­дік қасиеті бар екенін ескере оты­рып, оны осы аурудан зар­дап шегетіндердің, соның ішін­де, әсіресе, балалар­дың ас мәзіріне қосу мүм­кіндіктерін зерт­теу жұмы­сын жүргізуді Ден­сау­лық сақтау және әлеуметтік даму ми­нистр­лігіне тапсырса да ұтылмай­тыны­мыз анық. Сергей ЗВОЛЬСКИЙ, Мәжіліс депутаты