Қашаған теңіз кен орнында мұнай өндірісін қайта бастау алдында «Болашақ» мұнай және газ дайындау қондырғысы сынақтан өтті, деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
«Мұнай өндірісі тоқтап тұрғанда, «Болашақ» жерүсті кешенінің барлық жабдығы консервация жағдайында тұрды. Мұнай өндірісі қайта жаңғыртылғанда, жабдықтар мен құбыр желілерін техникалық тексерістен және сынақтан өткізу бойынша іс-шаралар кешені жүзеге асырылды. Құбырларды одан әрі пайдалану техникалық қызмет көрсету мен жоспарлы алдын алу жұмыстарының бекітілген кестесіне сәйкес іске асырылатын болады», - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, «Болашақ» жерүсті кешені 2013 жылы, Қашаған кен орнында мұнай өндіру жұмыстары басталғанда пайдалануға берілді. Алайда, кен орнынан шикізат тасымалдайтын құбыр желілерінен ақау шығып, мұнай өндірісі тоқтап қалды. Ол 2016 жылдың қыркүйегінде қайта қалпына келтірілді. Қаңтар айының басында Қашағанда мұнайдың алғашқы миллионы өндірілді. Оның экспорт алдындағы дайындығы «Болашақ» жерүсті кешенінде жүргізілді.
• 23 Қаңтар, 2017
Қашағанда «Болашақ» жерүсті кешенінің құрылғысы сынақтан өтті

Астанада қоғамдық веложалдау жүйесі жаңғыртылады
Елорда • Кеше
Ертең қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды?
Ауа райы • Кеше
Қазақстандағы жаңа үйлердің орташа құны қанша?
Қоғам • Кеше
«Amanat» партиясы Кәсіпкерлер қанатын құрды
Бизнес • Кеше
Интернетсіз де ұшады: Болашақ офицерлер дронның көмегімен барлау жасайды
Технология • Кеше
Алматы әуежайы жолаушыларға үндеу жасады
Алматы • Кеше
Қазақстанда шетелдіктерге ЖСН беру уақытша тоқтатылады
Қазақстан • Кеше
Депутат теріс діни ағымдарға заңмен тыйым салуды талап етті
Парламент • Кеше