Гранаткин Мемориалы-2017 турнирінің үздік шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет жарыстан алған әсері, алға қойған мақсаты, Қазақстан премьер-лигасында кімнің ойынына еліктейтінін мәлімдеді. Бұл туралы sports.kz хабарлады.
«Бізге үлкен сенім артып, тілеуімізді тілеген жанкүйерлерге алғысымыз шексіз. Бұл турнирден үлкен тәжірибе жинап қайттық. Жіберген қателіктеріміздің орнын толтырып, бұл мақсатымызға келесі жылы жетеміз деген үміттемін. Жеңіске қарыс қадам жетпей қалды. Бірақ күміс жүлдеге жету үшін де аз тер төкпедік», – деді ол.
«Ақтық сында қатты қобалжыған болуымыз керек бірден өз ойынымызды көрсетіп кете алмадық. Екінші таймда жинақылық танытып, қарқынымызды үдеттік. Өкінішке орай, қанша қауіпті сәттер жасағанымызбен бір ғана қателіктің орнын толтыра алмадық», – деді жас талант.
Өткен жылдың қазан айында Еуропа-2017 турнирінің іріктеу кезеңінде Қазақстан Грекиядан ұтылған. Алайда, ол кезде кеткен есені бұл жолы қайтара білді.
«Ол ойынды ұмытпаспын. Бапкеріміз испаниялық болатын, ал қазір өзімізді жақсы білетін жаттықтырушымыз бар. Александр Кузнецов білікті маман. Төрт күннің ішінде жеңімпаз команданы жасақтап шықты», – деді Еркебұлан.
Турнирдің «Үздік шабуылшысы» атағын иеленген ол: «Мұндай атақты иеленгеніме қуаныштымын. Бірақ бұл жалғыз менің емес бүкіл командамның еңбегі», – деді.
Жас талант бүгінде жекеменшік командалардың бірінде доп теуіп жүр. Халықаралық турнирде үздік атанған футболшының премьер-лига клубтарының бірінде ойнағысы келе ме екен? «Қазір Тараздың «Монтажник» клубында жүрмін. Бұған дейін ұсыныстардың түскені жөнінде білмейді екенмін. Өзімнің Георгий Палович есімді жеке агентім бар. Бұл мәселенің бәрі сол кісінің мойнында. Тек қана Қазақстан премьер-лигасында ғана емес Еуропаның алпауыт командаларында ойнағым келеді. Футболшылардан Бауыржан Исламханға қатты еліктеймін. Ол секілді елімнің мақтанышы болғым келеді», – деді Гранаткин Мемориалы-2017 турнирінің үздік шабуылшысы.
• 23 Қаңтар, 2017
Еркебұлан Сейдахмет: Гранаткин турнирін келесі жылы жеңеміз деп үміттенемін

Ескі үйді паналаған ардагер жаңа баспана сұрайды
Қоғам • Бүгін, 12:42
Трамп АҚШ-қа импортталатын барлық тауарға 10 пайыз баж салығын енгізді
Әлем • Бүгін, 12:15
Алматы облысының жастары «Халықтық Конституция үшін» жалпыұлттық коалициясын қолдады
Ата заң • Бүгін, 12:05
Конькимен жүгіруші Елизавета Голубева Олимпиадада үздік жетілікке енді
Олимпиада • Бүгін, 11:55
Қазақстандық бітімгерлер БҰҰ медальдарымен марапатталды
Әскер • Бүгін, 11:45
Ата заң • Бүгін, 11:20
Допинг дауы: Жәнібек Әлімханұлы бір жылға жарыстардан шеттетілді
Бокс • Бүгін, 11:18
Қысқы Олимпиада-2026: Бүгін ел спортшылары қандай жарыстарға қатысады?
Олимпиада • Бүгін, 10:48
Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 10:18
Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?
Аймақтар • Бүгін, 09:45
Бүгін еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Қоғам • Бүгін, 09:15
Адам капиталы – Конституция жобасының басымдығы
Реформа • Бүгін, 09:10
Жауапкершіліктің айқын көрінісі
Реформа • Бүгін, 09:07
Аймақтар • Бүгін, 09:05