Астана процесінен 320 шетелдік журналист хабар таратады. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко айтты.
«БАҚ өкілдері келіссөздер басында ғана фото және видео түсірілімге жіберіледі. Өйткені, оның негізгі бөлігі жабық режімде өтеді. Өздеріңізбен бірге байқап отырғанымыздай, қазіргі уақытта Астанадағы сирияаралық келіссөздерге (Астана процесі) халықаралық қоғамдастықтың қызығушылығы өте жоғары. Жаһандық қауіпсіздік үшін сириялық дағдарыстың өзектілігін ескерсек, бұл барынша күтілген жайт», - деді ол.
Оның айтуынша, Астана процесінен хабар тарату үшін тіркелген шетелдік және қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері өте көп болды.
«Біз 320 шетелдік және 120 қазақстандық журналисті тіркедік. Олар Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Қазмедиа» ғимаратында арнайы ұйымдастырған баспасөз орталығында жұмыс істейтін болады. Дәл сол жерде кездесудің ашылу рәсімі тікелей көрсетіледі», - деді Василенко.
Келіссөздер басталған кезде «Бүгінгі келіссөздердің бірқатар модальдылығы бойынша баспасөз мәслихатын өткіздім және маңызды түзету жасау қажет. Мен мәлім еткендей, аккредиттелген шетелдік БАҚ саны 320 емес - 389. Шетелдік БАҚ саны бойынша бұл менің есімде қалған ЕҚЫҰ саммитінен кейінгі екінші көрсеткіш», - деді ол.
Сонымен қатар ол кездесуге қатысушылар қорытынды баспасөз мәслихатын өткізетін болса, ол да «Қазмедиа» орталығында ұйымдастырылатынын айтты.
• 23 Қаңтар, 2017
Астана процесінен 389 шетелдік журналист хабар таратады

Астанада қоғамдық веложалдау жүйесі жаңғыртылады
Елорда • Кеше
Ертең қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды?
Ауа райы • Кеше
Қазақстандағы жаңа үйлердің орташа құны қанша?
Қоғам • Кеше
«Amanat» партиясы Кәсіпкерлер қанатын құрды
Бизнес • Кеше
Интернетсіз де ұшады: Болашақ офицерлер дронның көмегімен барлау жасайды
Технология • Кеше
Алматы әуежайы жолаушыларға үндеу жасады
Алматы • Кеше
Қазақстанда шетелдіктерге ЖСН беру уақытша тоқтатылады
Қазақстан • Кеше
Депутат теріс діни ағымдарға заңмен тыйым салуды талап етті
Парламент • Кеше