23 Қаңтар, 2017

2017 жылы Қазақстан Ресейге 12 млрд текше метр газ жеткізеді

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2017 жылы Қазақстан Ресейге 12 млрд текше метрден астам газ жеткізеді. Бұл туралы Астанада өткен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Газпром» ЖАҚ (жария акционерлік қоғам) арасындағы келіссөздер қорытындысында белгілі болды, деп хабарлады «ҚазТрансГаз» баспасөз қызметі. «Газпром» мен «ҚазТрансГаз» жыл сайын экспортталатын газ көлемін арттыруда. Ресейге жылына 12,8 млрд. көлемде газ экспорттау туралы уағдаластықтың отандық газ саласы үшін стратегиялық маңызы бар. Бұрын қол жеткізген Қазақстан мен Ресей арасындағы үкіметаралық келісімдерді жүзеге асыру мақсатында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Газпром» ЖАҚ дәстүрлі түрде біріккен консультациялар өткізіп тұрады және ұзақ мерзімді кезеңге ынтымақтастықтың негізгі бағдарын анықтайды. Бүгінде газ бойынша ұлттық операторға айналған ҚазТрансГаз тауарлық газдағы ішкі қажеттілікті толық өтеп, экспорттық әлеуетті арттыруда және отандық газтранспорттық инфрақұрылымды дамытуда.