23 Қаңтар, 2017

ЭКСПО кезінде 9 мың полицей тәртіп қадағалайды

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ЕХРО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін кезде ішкі істер органдарының қызметкерлері, ІІМ оқу орындарының курсанттары, Қорғаныс министрлігінің әскери қызметкерлері және мемлекеттік емес күзет құрылымдарының қызметкерлері, барлығы 9 мыңға жуық адам қоғамдық тәртіпті қадағалауға және қауіпсіздікті сақтауға жұмылдырылады. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Қазіргі уақытта көрме кешенінің аумағында нысандардың құрылысы және пайдалануға тапсыру кезеңінде елордалық ІІД 100-ден аса қызметкері, Ұлттық ұлан жауынгерлері қауіпсіздікті тәулік бойғы режімде қамтамасыз етуде, оларға бақылау-өткізу режімін ұйымдастыру және жаяу патрульдеу қызметтері жүктелген. Көрме қалашығында учаскелік полиция бекеті жұмыс істейтін болады, онда 6 учаскелік полиция инспекторы қызмет атқарады. Сонымен қатар, көрменің логистикалық орталығы да қолданысқа енгізіледі, онда автокөліктерді тексеру екі мобильді инспекция-тексеру кешенімен жүргізіледі. 16 полиция қызметкері кіретін кешендердің персоналы арнайы оқытылды, соның ішінде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша да дайындықтан өтті. Астанада өтетін ЕХРО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі 2017 жылдың 10 маусымында ашылып 10 қыркүйекке дейін жалғасады. Павильондарды дайындауға 100-ден аса мемлекет пен 10-нан аса халықаралық ұйым қатысады.