23 Қаңтар, 2017

Алдағы күндері тұрақсыз ауа райы сақталады

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Алдағы тәуліктерде еліміздің барлық аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. Қар жауады, тұман түседі және желдің екпіні күшейеді. Әсіресе, бұл құбылыс солтүстік өңірлерде жиі байқалады. Сондықтан көлік жүргізушілердің жолда абай болғаны абзал. Себебі, жылдамдығы секундына 20 метрге жететін желден аттам жерді көру қиынға соғады. Ал оңтүстік және батыс облыстарда қар аралас жаңбыр жауып, арты көктайғаққа айналуы ықтимал. 25 қаңтарда Ақмола және Павлодар облыстарында желдің екіпіні күшейеді және кей жерлерде бұрқасын болады.