Әлемнің студенттері бақ сынайтын Олимпиада – спортшылар үшін ғана емес, басқа салада оқып жүрген жастар үшін де маңызды. Екі апта бойы әлем жұртшылығының назарында болатын еліміз үшін басты мұрат – дүбірлі доданы абыроймен өткеру. Спортшылардың алғашқы легі келген күннен бастап аяғынан тік тұрып қызмет көрсететін ерікті дейтін қауым бар. Волонтер – өз еркімен қызметке жегілгенімен, атқарары жеңіл-желпі шаруа болмаса керек-ті. Еліміз ғана емес, шет мемлекеттерден де өтініштер аз түспегенге ұқсайды.
Барлығы 3 000 еріктінің 2 800-і – Алматыдан, 100-і – еліміздің әр түкпірінен, қалған 100 студент шет елдерден. Алматыда өтетін ХХVIІІ қысқы Универсиада ойындарында ерікті болуға, әсіресе, АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Ресей, Қытай, Корея елдері қызығушылық танытыпты. Волонтермен жұмыс істеу жөніндегі департаменттің мәліметінше, осы міндетті атқаруға 15 000-нан астам өтініш түскен. Солардың ішінен талапқа толықтай жауап береді дегендерді іріктеп алу да оңайға соқпаса керек. Сондықтан, еріктінің бір аты – таңдаулы деуге келеді. Бір ғана емес, бірнеше шет тілін меңгеру, Қазақстанның, Алматының тарихын жақсы білу – басты талап. Сондықтан, қазір таңдаулы 3 000 студенттің білімін жетілдіру, тілдік деңгейін көтеру мәселелері бойынша тренингтер өткізіліп болды, қонақтарды күтіп алуға дайын. Айта кету керек, волонтерлер 32 бағыт бойынша қызмет етеді.
Универсиада жақындаған сайын дайындықтар жан-жақты пысықталуда. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек волонтерлермен кездесіп, істеріне сәттілік тіледі.
Волонтерлердің басым көпшілігі бұл міндет алдымен өздерінің болашағы үшін маңызды екенін айтады. Мұндай әлемдік шараларда жинаған тәжірибенің өмірлік үлкен сабақ болатынына сенімді.
Алмас НҮСІП,
журналист
АЛМАТЫ

Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?
Аймақтар • Бүгін, 09:45
Бүгін еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Қоғам • Бүгін, 09:15
Адам капиталы – Конституция жобасының басымдығы
Реформа • Бүгін, 09:10
Жауапкершіліктің айқын көрінісі
Реформа • Бүгін, 09:07
Аймақтар • Бүгін, 09:05
Саясат • Бүгін, 09:03
Пікір • Бүгін, 09:00
Арал табанын қалай оазиске айналдырамыз?
Талбесік • Бүгін, 08:55
Экспорт • Бүгін, 08:50
Шаруашылық • Бүгін, 08:45
Ауыл кәсіпкерлеріне қомақты көмек
Аймақтар • Бүгін, 08:40
Атаулы жылда қандай шаралар жүзеге асады?
Digital • Бүгін, 08:35
Цифрлық мүмкіндік – әскер әлеуетінің өзегі
Айбын • Бүгін, 08:30
Музей • Бүгін, 08:25