Кеше Алматыға Халықаралық студенттік спорт федерациясының президенті Олег Матыцин келді. Спорт саласындағы жоғары лауазым иесін әуежайдан қала әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев пен Универсиада-2017 Дирекциясының жетекшісі Наиль Нуров қарсы алды.
FISU президенті отырған рейстің ұшу уақыты кейінге шегерілгендіктен, бұл ұшақ Алматыға аздап кешігіп қонды. Бірақ мұны әуежайдағы әдемі көңіл-күй, ықыласты қарсы алу мен қазақтың шашуы жуып-шайып жіберді.
«Білім, спорт және мәдениет – бүгін әлемге тұрақтылық пен даму сыйлайтын, міне осылар», – деді өзінен жылы лебіз күткен журналистерге спорттық шенеунік.
Олег Матыцин Универсиаданың ашылу салтанатынан ерте келіп отыр. Өйткені, ол FISU атқару комитетінің Алматыдағы қорытынды жиналысына қатысуы тиіс. FISU президенті мұндай әлемдік деңгейдегі спорттық жобаны бір кісідей жұмылып атқармаса, оңайға түспейтіндігін айтады.
Осыған дейін де Алматыға бірнеше рет келген FISU өкілдері мен жетекшілері бақылаушы ретінде емес, бірегей жұмыс команданың бір мүшесі болып келгендігін жеткізді.
Мұндай жауапты қызметті Олег Матыцин 2015 жылдың қарашасынан бері атқарып келеді. Оған дейін ол FISU вице-президенті болды және Ресейдің студенттік спорттық одағын басқарған.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?
Аймақтар • Бүгін, 09:45
Бүгін еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Қоғам • Бүгін, 09:15
Адам капиталы – Конституция жобасының басымдығы
Реформа • Бүгін, 09:10
Жауапкершіліктің айқын көрінісі
Реформа • Бүгін, 09:07
Аймақтар • Бүгін, 09:05
Саясат • Бүгін, 09:03
Пікір • Бүгін, 09:00
Арал табанын қалай оазиске айналдырамыз?
Талбесік • Бүгін, 08:55
Экспорт • Бүгін, 08:50
Шаруашылық • Бүгін, 08:45
Ауыл кәсіпкерлеріне қомақты көмек
Аймақтар • Бүгін, 08:40
Атаулы жылда қандай шаралар жүзеге асады?
Digital • Бүгін, 08:35
Цифрлық мүмкіндік – әскер әлеуетінің өзегі
Айбын • Бүгін, 08:30
Музей • Бүгін, 08:25