24 Қаңтар, 2017

Аялдама емес, кішігірім «автовокзал»...

415 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
остановкаАязы жаланып, қасат қар­дың қам­­сау­ында жататын Қара­ған­дының алты ай қысы әмбеге аян. Сондай күн­дерде бекетте бүр­сеңдеп, аялдама­да аяғын-ая­ғына соғып, қоғамдық көлік күт­­кен жандардың жағдайы қалай дер­­сіз? Ел тілегі ескеріле келе, таяуда Қара­ғанды қаласында көптен жос­пар­ланып ке­ле жатқан «ақыл­ды» аял­дамалардың ал­ғаш­­қысы ашы­л­­ды. Гоголь көшесінің бойын­да орналасқан жаңа үлгі­дегі «Боу­линг» аял­да­ма­сының тұсау­кесеріне қала әкімі Нұрлан Әубәкіров қатысты. Енді, аталмыш аялдамада көлік күт­кен жолаушы үш бөліктен тұратын ық­та­сын­да бойын жылытып қана қоймай, авто­бустардың келу уақытын арнайы таблолардан онлайн-режімде қадағалап отыра алатын болады. Сондай-ақ, ыс­тық ас ішуге мүмкіндік бар. Үш бөліктен тұратын аялдаманың ішінде жаяу жүргіншілерге бар­лық мүмкіндік жасалған. Жа­бық бөлігіне бір уақытта 20 адам сыйып кетеді.  Бұдан бөлек, жо­лаушылардың қауіпсіздігі үшін бақылау бейнекамералары орна­тыл­ған. Шаһар басшылығы игілікті істі «Бегемот Алматы» компания­сымен бірлесіп жүзеге асырған. Компанияның коммерциялық директоры Мұхтар Қалиев айт­қан­дай, шарапаты мол шаруаға  «Қарағанды Жарық» ЖШС де қол­дау көрсеткен. Жобаны іске асы­ру нәтижесінде 8 жаңа жұмыс о­рны ашылып отыр. Бір айта кетері, автобустың жүру кестесіне сәйкес, аялдама таңғы 05.00-ден кешкі 22.00-ге дейін жұмыс істейді. Мирас АСАН, «Егемен Қазақстан» ҚАРАҒАНДЫ