24 Қаңтар, 2017

АҚШ Транс-тынық мұхиты әріптестігі ұйымынан шықты

652 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-тың Транс-тынық мұхиты әріптестігі сауда ұйымынан шығатыны туралы Қаулыға қол қойды, деп жазады BBC. Трамп өзінің сайлауалды бағдарламасында да президент болса, алдымен АҚШ-ты осы ұйымнан алып шығатынын мәлімдеген. Оның пікірінше, 12 елдің бірлескен бұл сауда ұйымы АҚШ экономикасы үшін кері әсер етуде. Естеріңізге сала кетейік, Азия мен Америка елдерінің құрған Транс-тынық мұхиты әріптестігі Обама саясатының басым бағыттарының бірі болған. Трамптың ойынша, ол ұйымнан гөрі оған мүше мемлекеттермен жеке-жеке келісімге келу АҚШ экономикасы үшін анағұрлым тиімді болмақ. Айта кетейік, 2016 жылдың ақпанында құрылған Азия-Тынық мұхиты өңірінің 12 елі бірігіп құрған сауда ұйымына Жапония, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, Мексика, Перу, Чили, Малайзия, Бруней, Сингапур және Вьетнам кіреді. Бұл елдер әлем экономикасының 40 пайызына ие. 000