24 Қаңтар, 2017

Шымкентте көлік-логистикалық орталығы салынады

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Қазақстан Даму банкі» АҚ (ҚДБ) («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымы) Шымкент қаласында «А» санатындағы  көлік-логистикалық орталығының құрылысын («Continental Logistics Shymkent» ЖШС) қаржыландыруды бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Құны 15 млрд 796 млн теңге болатын жоба шекара маңындағы Оңтүстік Қазақстан облысының тауар ағынын өңдеу бойынша инфрақұрылымға деген артып отырған қажеттіліктеріне бағдарланған. ҚДБ тарапынан қаржыландыру Мемлекеттік индустриялды-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында ұсынылды. 15 жылға дейінгі мерзімге берілген қарыз сомасы 11,8 млрд теңгені құрайды. 35 гектар жер учаскесінде салынатын құрылыстың 24 783,6 шаршы метріне қоймалар (құрғақ және климаттық) салынады. Сондай-ақ көлік-логистикалық орталықта әкімшілік корпус, контейнерлік терминал, кедендік бақылау аймағы (уақытша сақтау қоймасы мен кедендік қоймалар) және ілеспе инфрақұрылымдар орналасатын болады. Түрлі жүктерді сақтау және қайта өңдеу бойынша ОҚО қажеттілігі 1 миллион шаршы метрді құрайды. Бұл ретте, өңірдегі жүк айналымы қарқынды өсе түсуде: 2011 жылы бұл көрсеткіш 111,1 млн тоннаны құраса, 2012 жылы - 123,8 млн тонна, 2013 жылы - 132,9 млн тонна, 2014 жылы - 145 млн тонна, 2015 жылы 154,6 млн тонна болды.