30 Қаңтар, 2017

Виртуалды зертхана

874 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мұнайлы аймақта виртуалды кен орны зертханасы ашылды. Атырау мұнай және газ университетінде таныстырылымы өткен жобаның жалпы құны 74 миллион теңге тұрады. Қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен қамтылған зертханада енді студенттер аудиторлық, дәріс беру, қашықтықтан оқыту және 3D арқылы тәжірибелік сабақтардан өтеді. Нақтырақ айтсақ, үйренуші арнайы пульт арқылы өзі таңдаған орынға барып, қызықтырған затымен танысады. Өткен тақырып бо­йын­ша тапсырманы орындаған соң, келесі кезеңдегі виртуалды стендтерге барып, өз қолымен тәжірибе жасап көреді. Жаңа жүйенің тағы бір артықшылығы – студенттер кен орнын іздеп табудан бастап, ұңғымаларды барлау мен жоюға дейінгі жұмыстардың бәрін реттейді, технологиялық процестерді жүргізеді. Үдемелі индус­триялық-инно­ва­ция­лық даму бағдар­ламасы үшін елі­міздегі 11 жоғары оқу орны маман дайын­дайды. Солардың арасынан алғаш болып виртуалды кен орнына атыраулық студенттер қол жеткізді. Заманауи зертханада тек студенттер ғана емес, аймақтағы мұнай-газ ме­кемелерінде қызмет ететін жұ­мысшылар да біліктіліктерін жетілдіре алады. Атырау мұнай және газ уни­­­верситетінің кафедр­а мең­ге­рушісі Нұрлыбек Шұ­ғаеповтың айтуынша, зертханада студенттер екінші курс­тан бастап оқиды. Бар­лық міндеттерді жақсы орын­дағандар дуалды оқыту жүйе­сіне көшеді, яғни әр айдың бірінші жартысында университетте дә­ріс алса, екінші жар­тысында кәсіпорындарда ең­бек етеді. Бұл әдіс – жоғары оқу орнын аяқтаған студенттің дайын маман болып шығуына жасалған үлкен мүмкіндік. Бақытгүл БАБАШ, «Егемен Қазақстан» АТЫРАУ