30 Қаңтар, 2017

Конституциялық реформалар бағдарламасы

462 рет
көрсетілді
16 мин
оқу үшін

Дамуымыздың жаңа бағыты

Тәуелсіздік жылдары ел бірлігі нығайып, халқымыздың бейбітшілік аясындағы тұрмысы жақсарып, әлемдегі озық отыз ел қатарына қосылуға ұмтылудамыз. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуін баршамыз шын ықыласпен тыңдадық. Президент Конституция мен заңдарға өзгерістер енгізу арқылы мемлекеттің басқару жүйесін жаңғыртатын кезі келгенін айтты. Президенттің әл­еу­­­­­меттік-эко­но­ми­калық про­цестер­ді рет­­теу­де­гі бірш­ама өкі­­лет­тіктері Үкі­мет­ке және басқа да ат­қарушы ор­ган­дар­ға беріледі. Бұл Үкі­мет, минист­рлер мен әкімдердің  жау­апкершіліктерін арт­тыруға алып келеді. Сонымен бірге, Үкіметті жасақтаудағы Парламенттің рөлі күшейеді. Елбасы Парламент сайлауында жеңген партия Үкімет құрамын анықтауға түбегейлі ықпал ететінін жеткізді. Бұл министрлер кабинетінің өкілетті билік алдындағы жауапкершілікті арттырады. Парламент палаталары жекелеген министрлерге, олардың қызметін бағалай келе, сенімсіздік білдіре алады. Бұл орайда, жергілікті атқарушы билікке қатысты да Парламенттің құзыреті артады. Осыған байланысты конституциялық реформаларды жүзеге асыру барысында Үкімет пен Парламенттің құзыреттері күшейтіліп, кәсіби деңгейлері артады. Бұл реформалар еліміздің демократиялық және әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер етеді. Осы орайда, Елбасының мұндай бастамалары өңірлерге де тың серпін беретіні анық. Сондықтан, Ұлт жоспарында ауылшаруашылық саласын дамытуға да ерекше мән берілген.  Аграрлық саланы тұрақты түрде мемлекет тарапынан қаржылай қолдаудың арқасында еліміз әлемнің алпауыт астықты державаларының қатарына қосылды. Осындай жетістіктерге жету үшін ауыл­шаруашылық саласына қатысты заң­наманы заман талабына сай үнемі жетілдіру қажет. Ауыл шаруашылығын кооперациялау заңы майда шаруа қожалықтары мен жеке сектордағы өндірілген дақылдарды жинақтап, өңдеп, өткізуге көмегін тигізіп отыр. Бұл өз кезегінде ауыл шаруа­шы­лығының өнім өндірісін арттырса, екін­шіден ауыл тұрғындарының күн көріс көзіне айналуда. Еліміздің жұртшылығы ұлтты ұйыс­тырып отырған Елбасының саясатын қолдайды. Әсіресе, Парламент сайлауында жеңіске жеткен партияның Үкімет мүшелерін жасақтайтыны көңілге қонымды. Бұл жаңашылдық еліміздегі мемлекеттік басқару ісін жетілдіре түсетіні сөзсіз. Ендеше, біз Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев­тың елімізді жаңа белес­тер­­ге көтеретін жасампаз бастамаларын жүзеге асыру­ға бір адамдай болып атсалысуға ша­қыра­мын. Абзал Ералиев, Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі, Қазақстанның Еңбек Ері  

Өзара үйлесімді жұмысқа жол ашады

Желтоқсан айында еліміз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын аса зор өрлеу үс­тінде атап өт­ке­ні баршамызға мә­лім. Тұңғыш През­идентіміз, Ұл­ты­мыздың Көш­басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бас­шылығы арқасында қазақ елі бүтіндей бір ғасырға тең келетін даму жолынан өткенін бүгінде әркім біледі. Н.Ә.Назарбаев ел тіз­гінін аса күрделі кезеңде, жал­пы әлемде, Кеңес Одағында аумалы-төкпелі жағдай қалыптасқан кез­де қолына алды. Сол бір Кеңес Ода­ғы­ның ұлттық аймақтарында орта­лық­тың үстемдігіне қарсы бұрқ-бұрқ еткен бас­көтерулер қыз-қыз қайнап жат­қан кезде, оның Қазақстанның ішкі бұл­қыныстарын тыныштандырудағы тәсілі ерекше болды. Осындай қиын-қыстау кезеңде Тұң­ғыш Президентіміз елді еш­қандай қантөгіссіз, дау-жанжалсыз тарихтың тар көпірінен тайдырмай алып өтті. Кеңес Одағындай алып империя күйреген соң оның құрамындағы ұлттық республикалар өз мемлекеттерін құра бастады. Олардың әрқайсысы өз жолдарын таңдады. Дегенмен, Н.Ә.Назарбаев бастаған Қазақстан жолы олардың бір­де-біріне ұқсамайтын түлеу, жаңару жолы болды. Ол жолдың басты бағыты 1997 жылы қабылданған «Қазақстан – 2030» стратегиясында толық көрініс тапты. Бұл стратегияда Елбасы Қазақстанды 2030 жылға дейін әлемдегі ең дамыған 50 елдің қатарына енгізуді мақсат тұтса, бұл міндет мерзімінен бұрын орындалды. Бүгінде осы лектің қатарында келеміз. Ал енді «Қазақстан – 2050» стратегиясында дамыған 30 елдің қатарына енуді көздеп отырған жайымыз бар. Шын мәнінде, Тәуелсіздігіміздің өт­кен 25 жыл уақыты біздің, аға ұрпақ өкілдерінің көз алдында тұр. Тәуел­сіз­діктің алғашқы он жылдығында эко­но­микамыздың күйзелгені, халықтың айлап, жылдап жалақы, зейнетақы ала алмай қиналғаны – бәрі-бәрі есімізде. Халықты осын­дай күйзелістен Тұң­ғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың өзі алып шықты. Елімізге шет елдерден көптеген инвестициялар тартылып, экономикамызды түзеген соң, ол халықтың әл-ауқатын жақсартуға ерекше кө­ңіл бөлді. Жылдан-жылға жа­лақы, зейнетақы, әлеуметтік кө­мектер арта түсті. Шағын және орта кәсіпкерлік дамып, елдің жағдайы жақсарды. Одан кейінгі 15 жылда Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне түсті. Жүз­деген индустриялық-инновациялық жобалар жүзеге асырылып, индустриялы елге айналдық. Экономикамыз нығайды. Қазақстанды бүкіл әлем таныды. Өткен 25 жыл Қазақстан Респуб­ли­касының мемлекет ретінде қалыптасу, нығаю кезеңі болды. Күннен-күнге жер-жаһан да, қоғамдық үдерістер де, адамзат баласының сана-сезімі де тез өзгеріп, жаңа сапаға ие болуда. Олай болса, мемлекеттік билік тармақтары да уақыт пен қоғам талабына қарай жаңашыл сипат алуы тиіс. Бүгінде Мемлекет басшысының бастамасымен мемлекеттік басқару жүйесін реформалау ісі қолға алынып отырғаны заңды құбылыс. 25 қаңтар күні жариялаған Президент Н.Ә.Назарбаевтың билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуі, міне, осы мәселеге бағытталып отыр. «Қазір заманның дидары өзгерді. Біз де өзгеруге тиіспіз. Сол себепті, мемлекеттің басқару жүйесін де жаңартатын кез келді, – деді өз Үндеуінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев. – Мен елдің мүддесі мен за­ма­нның талабын, ұрпақтың болашағын ойлап отырып осындай байлам жасадым». Елбасы сөзінен мәлім болғандай, реформа екі негізгі бағыт бойынша жүргізіледі. Біріншіден, Президенттің әлеуметтік-экономикалық үдерістерді реттеудегі біршама өкілеттіктерін Үкіметке және басқа да атқарушы органдарға береді. Сонда бұл салаға Үкімет, министрліктер және әкімдіктер толықтай жауап беретін болады. Екіншіден, билік тармақтары арасындағы қарым-қатынастар кон­с­титуциялық деңгейде теңгеріледі. Мұн­да үкіметті жасақтаудағы Парла­менттің рөлі күшейтіледі. Мұның өзі Министрлер кабинетінің өкілетті билік алдындағы жауапкершілігін арттырады. Заң шыға­рушы органның атқарушы органға ба­қылауы да күшейетін болады. Бұл ха­лықтың талап-тілегіне, елдің бет алған ба­ғыт-бағдарына сай билік буындарының жұмысын нәтижелі ете түсу үшін жасалып отырған қадам. Мұндағы мақсат, биліктің бір буынын күшейтіп, екіншісін әлсірету емес. Керісінше, олардың өзара үйлесімділікте жұмыс істеуіне жол ашып, күрделі мәселелерді шешуде бір жұдырық болып жұмылдыру үшін жасалған қадам. Заң шығарушы орган – мемлекет билігінің ең басты буыны. Оның өкі­леттілігін арттырып, Үкіметтің жұ­мы­сын бақылау құқығын кеңейту арқылы Мем­лекет басшысы атқарушы органның ісін тиянақтамақшы. Сұрау бар жерде жауап­кершілік те болады. Жауапкершілік бар жерде жұмыс алға жылжиды. Яғни, Нұрсұлтан Назарбаев бұл реформаның көмегімен мемлекет алдында тұрған қыруар міндеттердің жүзеге асырылуына серпін бермек. Президент ұсынысы қоғамдық талқылауға шығарылып, көптің пікірі таразыланатын болады. Үндеуде айтылған шешімнің бәрі халықтық қолдауға ие болады деген сенім мол. Бүгінде ешкім де, ешнәрсе де ескіше өмір сүре алмайды. Сондықтан, ғаламдық үдерістерге сай басқару жүйесін жаңаша ұйымдастыру – мемлекетімізді, оның құ­рылысын нығайтудың бірден-бір тетігі болып табылады. Серік ПІРӘЛИЕВ, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, ҰҒА академигі, профессор АЛМАТЫ  

Ел өркендеуіне ерекше серпін береді

Мемлекеттік билік өкілет­ті­лі­гінің қайта қаралуы мемлекет құ­ры­лымының тиімді моделін қа­лыптастырып, «Қазақстан – 2050» Стра­тегиясының жүзеге асуы жолында жаңа серпін бе­реді. Мемлекет басшысы мем­лекеттік басқарудағы жа­ңа жүйені ұсына отырып тәуелсіз Қазақстан тарихындағы жаңа кезеңге қадам басты. Елбасы мемлекет билі­гін­дегі Пар­ламенттің маңыз­дылығын арттырып, Үкімет атқаратын қызмет функцияларын кеңейту туралы сөз етті.  Менің ойымша бұл өзгерістер –  заңды үрдіс. Біз осыған ұмтылған едік. Тәуелсіздіктің әр жылында пре­зиденттік басқару нық бекіп, ат­қарушы биліктің атқаратын функциялары мен маңыздылығы ретпен артып отырды. Халықтың мемлекет өміріне етене араласуы да назардан тыс қалған емес. Егер Елбасының бұл ұсы­ны­сы ел ішінде қолдау тапса, Пар­ла­­мент билігінің өкілеттілігі арта­ты­ны сөзсіз. Халық қа­лаулыларының ба­қы­лау­ындағы функциялар кө­бейе түспек. Бұл сая­си пар­тиялардың да ат­қарар рө­лі мен беделін биік­тет­пек. Кейінгі жылдарда қа­был­данып жатқан жаңа заңдар «Қазақстан –2050» Стра­­те­гиясын орындау барысында сүбелі үлес қосып, мемлекеттік билік жүйесіне сапалы өзгерістер әкелуде. Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесін реформалау жөніндегі  өзгеріс  те ел дамуына ерекше серпін беретініне кәміл сенімдімін. Қадиша Оспанова, «Нұр Отан» партиясы Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары  Қарағанды облысы  

Yкімет жауапкершілігі артады

Сәрсенбінің сәтті күні ел Прези­ден­ті­нің билік тармақтары ара­сын­да өк­і­лет­­тіктерді қайта бөлу жөніндегі Үн­деуі бұған дейін­гі бес инс­титут­тық ре­фор­ма талап­тары­ның бірінен тамыр тар­­та­ды. Біз өткен жылы тәуел­сіз­дігіміздің ширек ғасырлық бе­дерлі белесін арт­қа тастап үл­гердік. Дербес мем­лекет атану­­дың жолы қай кезде де жеңіл, оңай бол­маған. Әсі­ре­­се, мұндай сындарлы кезең­­де мем­ле­кеттік бас­қа­ру ісіне жүк­те­ле­тін жауап­кершілік өте жоғары. Әй­т­песе тәуелсіздігімізді уыс­тан шы­ға­­рып алуымыз да ғажап емес-ті. Сон­­дық­­тан да, тәуелсіздіктің елең-алаң шағында жас егемен елі­міздегі мем­лекеттік басқару ісі бір қолда болғаны өте қа­жет еді. Қандай іске де уақыт төреші. Яғни, осы аралықтағы уақыт оның дұ­рыстығын дәлелдеп бер­гені хақ. Билік тармақтарының бір қол­ға жинақталуы ар­қы­лы еліміз ауыр сынн­ан қайыспай әрі қаймықпай өте білді. Сөйтіп, алға қарай даму­дың сенім­ді кепілі орнықты. Деген­мен, қо­ғам­дық өмір бір орын­да тұр­майды. Қатып қал­ған ештеңе жоқ.  Сондықтан да бұған дейін Пре­зи­дент­тің қолында жинақ­та­лып келген бірқатар өкі­лет­тікті Үкімет пен Пар­ла­ментке берудің кезі мен ке­зеңі келіп отыр. Бүгін­гі уақыт талабы осындай. Мәселе­нің бұлайша қой­ылуының екі жақ­ты мәні мен маңызы бар деп есеп­теймін. Біріншіден, Конс­титуцияға өзгеріс енгізуді талап етпейтін өкілет­тіктердің біраз бөлігінің Үкі­метке қарай ауысуы оның ел алдын­дағы жауапкершілігін одан әрі көтере түседі. Әрі мұндай жағдай­да Үкімет өз ісіне тікелей жауап беру­ге тиіс. Оның үстіне, Үкіметке негі­зінен экономика са­ласында қосым­ша атқарушы өкі­леттіктер беру ой­ластырылғаны оның негізгі ат­қару­шылық функциясы мен қыз­метіне де толық сәйкес келеді. Үндеуде айтылғандай, бұ­ған дейін Президенттің құ­зырында бо­лып келген қырық шақты өкілеттік Үкі­мет пен Парламентке бе­рілмек. Оны беру Кон­с­- титуция мен тиісті заңдарға өзгерістер енгізу есебінен жүзеге асырылады. Біз Үн­деумен таныса отырып, өкі­леттіктерді қайта бөлу мәселелері екі басты бағыт бойынша жүзеге асатынына көз жеткізіп отырмыз. Оның екеуі де Парламент пен Үкі­меттің жауап­кершілігі мен кәсіби деңгейін кө­те­р­уге бағытталған. Осы ар­қылы мем­лекетті бас­қа­рудың тиімділігін кө­те­ре түсу көзделген. Би­лік­­тің заң шығарушы тар­мағының өкілеттігі әл­де­қайда жоғарылайтыны әлем­дік демократиялық үр­дістерге де толық сай келеді. Оның басты айғағы Пар­ламенттің Үкімет құ­ра­­мын жасақ­таудағы рө­лінің күшейетіні және Министрлер Кабинетінің депутаттар корпусы ал­дындағы жауапкершілігі жоғарылайтыны болып отыр. Бұған дейін Парламент палаталарының Үкімет мүшелеріне сенімсіздік біл­діру жөніндегі тәр­тібі мен құқы тым шектеулі бо­ла­тын. Президент өз Үн­деуінде осы тәр­тіпті оңай­лату қажеттілігін ұсы­ныпты. Бұл жаңа тәртіп, Үндеуде көрсетілгендей, биліктің заң шы­ғарушы тармағының атқарушы тармаққа бақылау жа­сауын тереңдете түспек. Еліміздің ілгері қарай қа­­рышты түрде дамуы бес инс­титуттық рефор­ма таби­ға­­тына сай келе­тіні бел­гілі. Бұған қоса­рым, осы ре­формалар арқылы елді де­мо­­кратияландырудың жа­ңа бет­­тері мен парақтары ашы­ла­тыны. Яғни, елі­мізді демо­кра­­тия­лан­дыру­дың тағы бір басты көрінісі би­лік тар­мақ­тары ара­сындағы өкі­лет­тіктерді қайта бөлу мәсе­лесі деп тұжырым жасай ала­­­мыз. Пр­е­­зидент өзінің Үндеуінде атап көрсет­кен­дей, ұсынылып отырған рефор­маның мәні тұтастай саяси жүйені демо­кра­тияландыруға бағыт ұстау болмақ.  Сәния ҚАЛДЫҒҰЛОВА, Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы  Ақтөбе облысы  

Болашақ үшін жасалған қадам

Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Үндеуінде қазіргі заман талабынан, саяси, экономикалық, әлеуметтік даму үрдісінен туындайтын келелі міндеттерге тоқталып, конституциялық реформалардың негізгі бағыттарын айқындап берді. Бұл түбегейлі реформалар еліміздің алдағы онжылдықтарда демократиялық бағытта тұрақты дамуы үшін оң ықпал етеріне сенім мол. Бірқатар президенттік құзыреттің Парламент пен Үкіметке өтуі саяси жүйені нығайтумен бірге қоғамды одан әрі демократияландырудың маңызды қадамы болып табылары анық. Президент әркез ел болашағы үшін маңызы зор жоспарларды, бағдарламаларды жариялағанда қашанда ел тұрғындарының мүддесін алдыңғы орынға қояды. Президент өкілеттігінің бірқатар функцияларын үкіметке, Парламентке бөліп беру туралы айтқан ұсыныстары, ең алдымен, атқарушы биліктің халықты әлеуметтік қолдау, жұмыс тиімділігін арттыру, министрліктердің заң алдындағы жауапкершілігін, Парламент депутаттарының беделін көтеру сияқты өзекті мәселелермен тығыз үндес. Сонымен қатар, заң шығарушы органдар тарапынан атқарушы биліктің жұмысын бақылауды күшейту туралы айтқан ойлары да кең қолдау тауып отыр. Тәуелсіздігіміздің елең-алаң шағында президенттік басқару жүйесінің енгізілуі бірден-бір дұрыс қадам болды. Мұның өзі тарихи таңдауымыздың дұрыстығын көрсетті. Осы кезең ішінде жаңа экономикалық сая­сат жүзеге асырылып, дамыған мемлекет қатарына қосылдық. Қазір уақыт басқаша. Өзгерістер орасан. Оларды ескермей болмайды. Енді, Үкіметтің, министрліктердің, барлық деңгейдегі әкімдіктердің дербес жауапкершілігі артып, жұмыс ширайтын болады. Меніңше, билік тармақтары арасындағы қарым-қатынасты конституциялық деңгейде теңестіру құқықтық мемлекет құру жолындағы айтулы кезеңге айналары анық. Жұртшылықтың мақсат-мүддесімен, көкейкесті тілегімен бір арнада тоғысып отырған мұндай түбегейлі бетбұрыс барша қазақстандықтардың игілігі, еліміздің өркендеп дамуы, оның жарқын болашағы үшін жасалып отырған батыл қадам екені даусыз. Ескендір ЕЛЕУСІЗОВ,  облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Солтүстік Қазақстан облысы