«Қазпошта» АҚ-тың заман талаптарына сай пошта бөлімшесі аудан орталығы – Ертіс ауылында ашылды.
Аудан орталығының тұрғындары заманауи технологиямен жабдықталып, халыққа сапалы, тиімді қызмет көрсететін пошта бөлімшесінің ашылғанына қуанышты. Бұл – ауыл халқына да сапалы, тиімді қызмет көрсетудің заманауи өркениетті үлгісі жетті деген сөз. Бөлімше бірнеше залға бөлінген: пошталық және қаржылық қызметтер, әрбір адамға арналған орындар, корпоративтік клиенттерге қызмет көрсету орны, сәлемдемелер супермаркеті бар. Пошта бөлімшесінде зейнетақыдан басқа, атаулы әлеуметтік көмекті, жалақыны алуға, коммуналдық, салық және басқа төлемдерді жүзеге асыруға, газет-журналдарға жазылуға болады.
Ал ауыл тұрғыны өз атына келген сәлемдемесін алу үшін терминалдың экранына ұялы телефонның нөмірін жазып, қатары мен жәшіктің нөмірі белгіленген талонды алады. Талон арқылы сәлемдемесін тауып, жеке куәлігі арқылы кассаға келеді. Осы жүйе арқылы 2 минут ішінде сәлемдемесін ала алады.
− Бұл пошта қызметіне енгізілген заманауи құрылғылар мен жаңа қызмет түрлерінің арқасында мүмкін болып отыр. Жаңашылдық ауылдарға да жетті. Еліміздің пошта қызметінде гибридтік электронды пошта, Postmarket.kz сауда алаңы, постамат терминалы, мобильдік қозғалмалы құрылғы сияқты өркениетті жаңа жобалар қосылуда, − дейді «Қазпошта» АҚ облыстық филиалының басшысы Қайрат Бекенов.
Сонымен бірге, аудандық пошта бөлімшесіне ВАЗ-2329 автокөлігі берілді. Енді ауданнан шалғай орналасқан ауылдарға хат-хабар, газет-журналдар жылдам жеткізілетін болады.
Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан»
Павлодар облысы,
Ертіс ауданы

«Turan Standard Pool» платформасы шаруаның жүгін қалай жеңілдетеді?
Форум • Бүгін, 16:44
Шымкентте газ құбырынан өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 16:35
Ақтауда мерзімді әскери қызметші қаза тапты
Төтенше жағдай • Бүгін, 16:24
Мемлекет басшысы Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 16:15
Су тасқыны қаупі: Қостанай облысының әкімі шұғыл тапсырма берді
Аймақтар • Бүгін, 16:14
Тері өңдеу зауыттарына 10 млрд теңгеге жуық инвестиция салынады
Шаруашылық • Бүгін, 16:12
Атырауда жүздеген адамның қызылша жұқтырғаны хабарланды
Аймақтар • Бүгін, 16:02
Автокөлік нөмірін полицей алып кетсе не істеу керек?
Қоғам • Бүгін, 15:52
Ұлттық банк ескертеді: Төлем картасын бұғаттау арқылы жасалатын алаяқтық көбейді
Оқиға • Бүгін, 15:40
«Жұп-тақ күндер» режимі: Кей қалаларда көлік қозғалысы шектелуі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:30
Оқиға • Бүгін, 15:22
Астанада наурыз айында ауа райы қандай болады?
Елорда • Бүгін, 15:13
Ақмола облысында фермерлер қандай шартпен жеңілдетілген несие алады?
Шаруашылық • Бүгін, 15:00
Kaspi.kz-тегі депозит пен аударым талаптары неге күшейтілді?
Банк • Бүгін, 14:48
Атырау облысында 584 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Аймақтар • Бүгін, 14:36