16 Ақпан, 2017

«Ыстық ықылас жанымызды жылытты»

440 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Юха ТЕНХУНЕН, Финляндия құрамасының шаңғышысы Неа Луукконың жаттықтырушысы: – Универсиада аспанында қалықтаған қонақжай пейілге шын тәнті болдым. Ұйымдас­тыру­шылар, спортшы­лар, жан­күйер­лер, бәрі де бір-біріне деген сый-құрметтен жаңылған жоқ. Өз басым көрген-білгенімнен өте зор әсер алдым. Елизавета ТУКТАМЫШЕВА, Ресей құрамасының мәнерлеп сырғанаушысы: – Зал толы көрермен­дер­ге менің өнерім ұнады. Сәйке­сін­ше, «Алматы Аренадағы» көтеріңкі көңіл күй мені де қанаттандырды. Жанкүйерлер үшін біз бәріне де дайынбыз. Өнеріміз оларға ұмытылмас сәттер сыйлап жатса, біз өзімізді бақытты санаймыз. Джереми ФЛЭНАГАН, Австралия құрамасының биатлоншысы: – Қазақстан туралы ерек­ше пікірдемін. Бұрын мен Қазақстан туралы ештеңе де білмейтін едім. Енді, менің көзқарасым өзгерді. Мұндағы спорттық нысандар мені қатты таң қалдырды. Алматыдағы биатлон стадионы мен көрген стадиондардың ішіндегі ең жақсысы. Лариса ЛАУДЕН, АҚШ волонтері: – Атлеттер ауылында тұр­дым. Тұрмысымыз жайлы болды, тамағы да өте дәмді бол­­ғанын айту керек. Болашақ­та Алматыға тағы бір келсем деймін. Өйткені, мен бұл қалаға ғашық болып қалдым. Табиғаты тамаша, адамдары да ақпейіл екен. Милан ГРУНИ, Италия құрамасының шорт-трекшісі: – Қазақстанда бірінші рет болуым. Көп уақытым Атлеттер ауылында өткенімен, қол қалт еткенде Алматыны аралауға да уақыт таптым. Маған бәрі де ұнады. Рас, ауа райы аздап суық екен. Есесіне, адамдардың ыстық ықыласы, тамыл­жыған табиғат жанымызды жылытты. Стюарт МОГГ, Ұлыбритания құрамасының хоккейшісі: – Алматы халқының біз­ге деген ықы­ласы керемет бол­ды. Бізді патшайым отбасы­­ның мүшелеріндей қарсы алды. Спорт­тық ғима­раттардан ал­ған әсерім айтып жеткізгісіз. Мұндай мұз айдындарында хоккей ойнаудың өзі бір ғанибет!