16 Ақпан, 2017

Қазақстанда несие пайызы азаюы мүмкін

416 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев 2017 жылы теңгенің базалық үстемесінің азаюы мүмкін екенін айтты.  “2016 жылы базалық үстемақы 17 пайыздан 12 пайызға азайды. 2017 жылы бұл көрсеткіш тағы азайтылуы мүмкін”, – деді Ақышев Парламентте “2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасына өзгерістер енгізу мәселесі туралы баяндамасында. Дегенмен, бас банкир инфляцияны төмендету жұмыстарының басым бағытта екенін айтты. Бас банкирдің айтуынша, 2017 жылы инфляция 6-8 пайыз аралығында болады.