16 Ақпан, 2017

Қазақстанда боранның кесірінен ет қымбаттап кетті

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстанда таяу күндері болған боран дүкендегі ет бағасына кері әсер етті, деп мәлімдеді ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов. Бұл туралы Tengrinews.kz жазады. "Ет не себепті күрт қымбаттап кетті. Біріншіден, сұраныс артты. Екіншіден, ауа-райының әсері бар. Есеріңізде болар, таяуда боран соққан еді. Нәтижесінде көтерме саудада тапшылық пайда болды. Шаруалар бағаны көтермегенімен, алыпсатарлар бағаны еселеп қосты", - деді Айтуғанов. Вице-министрдің пікірінше, жұмыртқа бағасының өсуі де осыған ұқсас. Бағаның өсуіне алыпсатарлықтың әсері мол.