16 Ақпан, 2017

Трамп Таяу Шығыста қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман орнатпақ

457 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ президенті Дональд Трамп Палестина-Израиль қақтығысына қатысты Американың бірнеше жылдық "екі халыққа екі мемлекет құру" позициясын өзгертпекші, деп жазады BBC.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен бірлескен баспасөз мәслихатында Трамп екі ел арасында "ұлы бейбітшілік" орнататынын, ол үшін екі елдің татуласуы керектігін мәлімдеді.

Палестина мен Израиль арасындағы бейбіт келісімдер 2014 жылы тоқырап қалған еді.

Сонымен қатар, Трамп израильдік әріптесінен жаңа ауылдар салу жұмыстарын сәл кідірте тұруды сұрады.

Трамптың ұлықтау рәсімінен кейін Израильдің Батыс жағалауында бірнеше мың тұрғын үй құрылысын салу жобасы мақұлданған еді. Сарапшылардың айтуынша, Трамп билігі кезінде Таяу Шығыстағы дағдарысқа қатысты АҚШ барынша жұмсақ саясат ұстанады.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20