Чемпиондар лигасының 1/8 финалында Мадридтің «Реалы» өз алаңында Неапольдің «Наполиін» қабылдап, 3:1 есебімен басым түсті.
Матч басталысымен тізгінді өз қолына алмақ болған мадридтіктердің бұл жоспары бірден жүзеге аспады. 8-минутта қақпашы Кейлор Навастың қателігін ұтымды пайдаланған Лоренцо Инсинье шамамен 30 метр жерден гол соғып, итальяндарды алға шығарды. Дегенмен, олардың бұл қуанышы ұзаққа созыла қоймады. 19-минутта Даниэль Карвахальдің әуелеткен добына бірінші болып жеткен Карим Бензема таразы басын теңестіре білді.
Кездесудің екінші 45 минутында «Реал» айқын басымдыққа ие болды. 49-минутта Криштиану Роналдудың берген добын Тони Кроос қақпаға дәл бағыттап, алаң иелерін есепте алға шығарды. Арада 5 минут өткеннен кейін Каземиро мергендігімен танылып, матчтағы соңғы допты соқты. Бұдан кейін де таблодағы көрсеткішті өзгертетін мүмкіндіктер болған, алайда бәрі сәтсіз аяқталып жатты.
Айта кетейік, қос команданың арасындағы қарымта кездесу 7 наурыз күні Неапольде өтеді.
• 16 Ақпан, 2017
Чемпиондар лигасы. «Реал» өз алаңында «Наполиден» басым түсті (видео)

Пікір • Бүгін, 08:15
Кіріс артып, инфляция төмендеді
Инфляция • Бүгін, 08:10
Оғыз өркениетін ұлықтаған көрме
Саясат • Бүгін, 08:08
Туристік маусымға әзірлік жайы талқыланды
Туризм • Бүгін, 08:05
Сенатор Моңғол елшісімен кездесті
Саясат • Бүгін, 08:02
Халықаралық қаржы ұйымдарымен серіктестік нығаяды
Саясат • Бүгін, 08:00
Адам қауіпсіздігіне қатысты заңдар қаралды
Саясат • Бүгін, 07:55
Сауда-экономикалық келіссөз пысықталды
Саясат • Бүгін, 07:50
Түнде Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді
Оқиға • Бүгін, 07:33
Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Кеше
Кесар тілігінің зардабы қандай?
Медицина • Кеше