АҚШ қор нарығы бесінші күн қатарынан бес жылдық рекордты жаңартып жатыр. Президент Дональд Трамптың салықты азайту туралы уәдесі мен экономикалық мәліметтердегі жағымды жаңалықтар Уолл Стриттің ірі компанияларының жалпы құнын ұлғайтты.
Астана уақытымен кеше кешкі сағат 21:36-да Dow Jones компаниясының жалпы құны 0,39 пайыз көбейсе, S&P 500 компаниясы 0,21 пайызға ұлғайды, ал Nasdaq Composite компаниясының активі 0,2 пайыз көбейді.
Америкалық ритейлдердің жетекшілерімен кездесуінде Трмап салықты азайтып, салық кодексін жеңілдетуге уәде берді.
Сонымен қатар, қаңтардағы тұтыну бағасы мен бөлшек сауданың ұлғаюы да нарыққа оң әсер етті.
Федералды резерв жүйесінің басшысы Джанет Йеллен Парламенттің өкілдер палатасында жасаған баяндамасында алдағы отырыста доллардың пайыздық үстемесінің көтерілуі мүмкін екенін айтқан еді.
Нәтижесінде елдің тұтас қаржы секторы 0,6 пайызға нығайды.