Испанияның Жирон қаласында полицейлер Ferrari мен Lamborghini спорт көліктерінің жасанды көшірмесін жасаған фабриканы анықтады, деп хабарлайды La Voz de Galicia басылымы.
Полицейлер жүргізген арнайы операция барысында төрт дайын көлік пен аяқталмаған он көшірме табылған. Басылымның хабарлауынша, фабрика жасанды көшірмелерді 41 мың еуроға сатқан.