16 Ақпан, 2017

Болашаққа нық қадам

430 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Алматы қаласындағы Достық үйінде «Қазақстан ұйғырлары республикалық мәдени бірлестігінің» және «Қазақстан әзербайжандарының қауымдастығы» бірлестігінің ұйымдастыруымен мәслихат өтті. Оған Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Леонид Питаленко, ҚХА мүшелері, республикалық бірлестіктердің басшылары қатысты. Достық үйінде екі бөлек өткен қос шараның да мақсаты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың конс­ титуциялық реформасының бағдар­ ламасын талқылау болды. Жиында сөз алған ҚХА Төрағасының орын­ басары Леонид Питаленко «Жуырда еліміз үшін тарихи құжат жария етілді. Елбасымыз ұсынған жаңа бас­ тама әр бірлестік пен ұйымдарда қызу талқыланып жатыр. Бар ұлтты ба­ уырына басқан кең-байтақ Қазақстан – татулықтың бесігі. Ынтымақ пен бірлік ең негізгі байлығымыз. Елбасы ұсынған реформаны бәріміз бірауыздан қолдап қана қоймай, оның іске асуына өз мүмкіндігімізше үлес қосуымыз қажет. Жаңа рефор­ ма әр азаматтың дұрыс өмір сүріп, әлеуметтік жағдайының жақсаруына жол ашатын көпір болмақ», деді. Ұйғыртану орталығының жетек­ шісі, тарих ғылымдарының докторы Русалят Каримова арнайы баяндама жасап, жаңа реформаның негізгі тұстарына тоқтала келіп: «Заңда көрсетілгендей, барлық ұлттардың азаматы біртұтас Қазақстан халқын құрайды. Мемлекеттік билік қазақ халқының еркіндігіне негізделеді. Сондай-ақ, заң барлық азаматтың ұлтына, шығу тегіне, лауазымына қарамастан, еркіндік пен құқық­ қа тең иелік береді. Сондықтан, еліміздің әрбір азаматы жаңа бас­ тамаға үн қосуға құқылы. Қазақ­ станда тұратын барлық ұйғыр хал­ қы Президентіміздің бастамасын қолдайды», деп мәлімдеді. «Еліміздің алдында үлкен жауап­ ты міндеттер тұр. Халықаралық дең­ гейдегі шараларға бастамашы болуы­ мыз еліміздің әлемдік аренадағы абы­ ройын асқақтатты. Тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде Елбасымыз бірлігі жарасқан Қазақстанымызды алға сүйреп келеді. Бүгінгі тақырыпқа ар­ қау болып отырған жаңа реформаның да біз үшін маңызы зор. Әзербайжан ұлты қандай жауапты сәттерде де Елбасының бастамаларын бірауыздан қолдауға дайын», деді «Қазақстан әзер­ байжандарының қауымдастығы» рес­ публикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абилфас Хамедов. ҚХА-ға қарасты көптеген эт­ нос аталған реформаны жан-жақты талқылап, оған барынша қолдау көрсетіп отыр. Арман ОКТЯБРЬ, журналист
Соңғы жаңалықтар