24 Ақпан, 2017

Инстаграмның жаңа функциясы іске қосылды

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Instagram әлеуметтік желісі бір жазбаға бір мезетте 10 фото мен видеоролик орналастыра алатын жаңа функцияны іске қосты, деп хабарлайды hitech.vesti.ru порталы. Қолданушы кез келген жазбаны бөліскенде, онда көк түсті нүкте тұрады. Ол нүкте жаңа форматты білдіреді. Яғни, қолданушы онда бірден бірнеше фото мен видероликті көре алады. "Жақын досыңыздың туған күн кешіне арналған тосынсыйдымен қатар, туған күнге дайындалған сәттеріңізді бөлісе аласыздар", - дейді компаниядағылар. Сондай-ақ, Instagram компаниясы өкілдерінің айтуынша, енді қолданушыларға тек бір видео немесе бір фото таңдау қажет болмайды. Қолданушылар жазбасындағы фото мен видеолардың әрқайсысына жеке-жеке фильтр таңдай алады немесе барлығына бірден бір фильтр таңдап, достарын белгілей алады. Сондай-ақ, әр фотоның сипаттамасы, оның қайда түсірілгені және ол суреттер мен видеоларға қойылған лайктар пен пікірлер әрбір жазбада көрінетін болады. Басылымның мәліметінше, жаңа жүйе жуырдағы апталарда iOS- және Android құрылғыларына қолжетімді болады.