27 Ақпан, 2017

Жаңа технология жетістікке жетелейді

239 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Үкімет үйінде өткен баспасөз мәс­лихатында Ақпарат және ком­муни­кациялар министрі Дәурен Абаев БАҚ өкілдеріне «Қазақстан­ның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсе­кеге қабілеттілік» атты Жолдауында нақты­ланған міндеттердің орындалу барысын баяндап, биыл атқарылуы тиіс жұмыстардың жай-күйін сөз етті. Мемлекет басшысының Жолдауда айқындап берген тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында мамыр айын­да ми­нистрлік мамандары Үкі­метке «Цифрлық Қазақстан» бағ­дар­­ла­масының жобасын енгізеді деп жоспарланғаны белгілі болды. БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап беру барысында ведомство басшысы Д.Абаев осылай деп мәлімдеді. «Президентіміз ел Үкіметіне «Цифр­­­лық Қазақстан» бағдарламасын қа­был­­дау­ды тапсырғанын білесіздер. Осы ар­­қы­лы Қазақстандағы цифрлық ин­дус­т­рия мен ІТ саланы дамыту мәселелері бір­ыңғай жол­ға қойылуы тиіс. Сол се­беп­тен де, біз бүгінгі күні бұл бағыт­та үл­­кен жұмыстар атқару­дамыз. Атап айт­­қан­да, мемлекеттік деңгейде орын­далуы керек бағдарламаның жоба­сын Үкі­­метке алдағы мамыр айын­да ұсы­н­у­ды жос­парлап отырмыз», – деді министр. Сонымен қатар, сала мамандары осы күн­дері 1300-ге жуық елді мекен­де оптикалық-талшықты желімен қам­тамасыз ету жобасын қолға алған. Мемлекеттік-жекеменшік серік­тестігі аясында 2020 жылға дейін жүзеге асыры­латын бұл жоба, еліміздің 2 миллионнан астам халқына кең жолақты интернетті пайдалану мүмкіндігін береді деп күтілуде. Жиында Қазақстан бойынша р­а­диожиілік стан­саларын орнату жұмы­­сы да сәтті жүріп жатқандығы ай­­ты­л­­ды. «Радиожиілік станса­ла­рын салу белгілі бір уақытты қажет етеді. Ал жыл соңына қарай шама­мен 200 радиожиі­лік стансаны орна­тып үлгереміз деп үміттене­міз. Міне, сол кезде ұялы байланыс пен мобиль­ді интернеттің сапасы әлде­қайда жақ­сара түсетін болады. Бұл жоба негі­зінен желілік тарату жүйе­сін сан­дық теле-радиотаратуға көші­ру н­әти­жесінде босаған жиілік­тер­ді ұялы операторға беру арқы­лы іске асы­р­ыл­мақ. Осылайша, ұя­лы бай­ла­ныс операторлары байла­ныс пен интер­неттің сапасын артты­ра­ды деп жоспарлануда», – деді Дәурен Әскербекұлы. БАҚ өкілдері тарапынан ми­нистрге қойылған сұрақтың бірі – жақын күн­дері көрерменге қайта жол тартатын «Ел арна» төңірегінде өрбіді. Қоғам арасындағы қызу талқыланған ар­наның қайта ашылуына қатысты мәлімдемесінде министр былай деді. «Атауының өзі елдің көңілінен шыққан бұл арнаның қайта ашылуы­ның екі негізгі міндеті бар. Әрине, бұл танымдық бағыттағы арна болған­дықтан, оның алғашқысы – әртүрлі тақырыптардағы құндылықтарды дәріптейтін деректі фильмдерді көрер­мен назарына ұсыну болса, екін­шісі – халықтың көңілінен шығып, клас­сикалық дүниелерге айналған көр­кем туындылармен қалың бұқараны қауыш­тыру. Сонымен қатар, 1 нау­рыз­дан бастап елімізде «Discovery Showcase» HD телеарнасы хабар тарата бастайды және ол кейінірек қазақ тіліне өтеді. Осы жерде ерекше атап өткім келетіні, осы іске қосыла­тын қазақ тіліндегі нұсқасының өзі прайм-тайм сәттегі алты сағатты құрай­тын болады», – деді Д.Абаев. Биыл Астанада ЭКСПО-2017 халық­­ара­лық көрмесі өтетіндігі бар­ша­­мызға белгілі. Елбасы тапсыр­ма­сына орай, айту­лы шара өз мәре­­сіне жеткеннен кейін, көрме нысан­дарын­да халықаралық IT-стар­тап­тар техно­паркін құру көзделген. Атал­­ған министрлік осы жоба­ның жүзеге асы­рылуына мүдделі болып табыла­ды. Сондай-ақ, бұл ведомство мемлекет­тік органдармен бірлесе отырып, мемлекеттік қызметтерді мейлінше «Азаматтарға арнал­ған үкімет» кор­порациясына беруді мақсат етіп отыр. Нәти­жесінде, жыл соңына дейін Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің үлесін 85 пайызға ұлғайту жоспар­лануда. Нұрлыбек ДОСЫБАЙ, «Егемен Қазақстан»