27 Ақпан, 2017

Дамудың бір өлшемі

199 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Қазақстан Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мен Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, сондай-ақ, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы елімізде отбасылық және гендерлік саясатты іске асыруда жаңа әдістерді қалыптастыру мәселесі бойынша халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Жиынды Ұлттық комиссия төр­айымының орынбасары Елена Тара­сенко ашып, мәселенің маңыз­дылы­ғы­на баса назар аударды. «Өткен жыл­­дың 6 желтоқсанында Мемлекет басшысы­ның Жарлы­ғымен елімізде 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы бекіді. Қазір­гі таңда аталған Тұжырымда­ма­­ны жүзеге асыру үшін 2017-2019 жыл­дар­­ға арналған іс-шаралар жос­пары бо­йын­ша ауқымды жұмыстар атқа­ры­лып келеді», – деді комиссия төр­айы­­мының орынбасары. Сондай-ақ, ол Тұжырымдамадағы мәселелер «Қазақстан-2050» Стратегиясында, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көзделген мақсат-міндеттермен қатар жүретінін айта келе, онда Эконо­микалық ынтымақтастық және даму ұйымының, БҰҰ Әйел­дерге қатысты барлық кем­сі­ту­шілікті жою комитетінің ұсы­нымдары ескерілгеніне тоқ­талды. Қазақстандағы БҰҰ Даму бағ­­дарламасы Тұрақты өкілінің орын­басары Мунхтуя Алтангерел БҰҰ Даму бағдарламасы Астана эконо­ми­ка­лық форумы аясында көп жылдан бері Қазақстан Президенті жанын­дағы Мем­лекеттік басқару академиясымен әріптестік орна­тып келетінін, оның ішінде мем­ле­кеттік қызмет жүйесін халық­аралық стандартқа сай ету мәсе­лесіне мән берілетінін жеткізді. «Шын мәнінде де, бұл Тұжырымдаманың рөлі зор. Оның тәжірибе жүзінде іске асырылуы үшін жаңа инно­вациялық әдіс-тәсілдерді ой­лас­тырып, сол арқылы адам капи­талының дамуына, мемлекет тұ­рақтылығын қамтамасыз етуге, отбасы құндылықтарының сақ­талуына және отбасының әлеу­меттік жағынан қорғалуына айтар­лықтай деңгейде әсер етуге болады. Егер гендерлік саясат дұрыс жүргізілмесе, онда мемлекеттің де алға қарай ілгерілей қоюы неғайбыл. Демек, нәзік жандылар қоғамдағы әрбір салаға белсене араласып, өз үлес­терін қосуларына болады. БҰҰ Даму бағдарламасының осы мәсе­ле­ге қатысты алға қойған мін­­деттері­нің негізгі өзегі міне, осындай ой-тұжы­рымға саяды», – деді М.Алтангерел. Қазақстан Республикасы жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры Айгүл Көшербаева академияның ғалымдары 2013 жылдан бері ген­дерлік саясатты жүзеге асыру бойынша белсенді түрде жұмыс ат­қарып келе жатқанын тілге тиек етті. «Біз түрлі сипаттағы тре­нингтер мен семинарларды ұйымдастырып жүрміз, олардың дені гендерлік саясатты түсіну мәдениетін арттыруға бағытталған. Ал бұл – өте маңызды мәселе», – деді А.Көшербаева. Конференцияға қатысушы­лар, сондай-ақ, «Тұжырымдаманы жаңғырту және экономикалық өсу­дің жаңа моделін құру фило­со­фия­сы», «Адам әлеуетін да­мыту­дағы отбасының рөлі», «Тұр­мыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы және онымен күресудегі инновация­лық тәсіл: гендерлік өлшем», «Ұлттық от­басылық және гендерлік саясат – адам капиталын дамытудағы заманауи үрдіс» сынды тақырыптар бойынша сөз сөйледі. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»