1958 жылы қазіргі Қарасай ауданының орталығы – Қаскелең қаласындағы Абай атындағы мектепті (бүгінде мектеп-гимназия) біз 42 бала бітірген едік. Шетімізден арманшыл, қиялшыл болатынбыз. Оқуды аяқтасақ бәрін де жапырып тастайтындай болып жүретінбіз.
Ішімізде ол кезде небір «серілер» де болды ғой. Алайда, сол мектеп қабырғасында жүргенде-ақ сыныптасымыз бала Нұрсұлтанның батылдығына, барлық мәселені білетіндігіне, байыпты сөйлеп, байқап жұмыс істейтініне көзіміз жеткен-ді. Яғни, ол үздік сабақ үлгерімімен де, қоғамдық жұмысқа белсене қатысуымен де, ерінбейтін еңбексүйгіштігімен де, турашыл, адалдығымен де, әділеттілігімен де, әдемі әзілқойлығымен де, шыныққан шымырлығымен, спортшылығымен де, тіпті, әншілігімен де ерекше көзге түсетін. Әйтеуір, қандай бір жаңалық, жақсы істердің басы-қасында жасындай жарқылдап Нұрсұлтан жүретін. Жап-жас күйімен өзін қай мәселеде болсын, салмақты, сабырлы ұстайтын. Одан түбінде бір мықты шығатынын түсініп, түйсінетінбіз.
Мектептен кейін бәріміз жан-жаққа тарап кеттік, өмірдің арынды ағыны әрқайсымызды әр жаққа қарай «лақтырды» ғой.
Нұрсұлтан болса, алдымен мықты металлург болып, толассыз темір балқытты. Өстіп жүріп өзі де құрыштай шынықты, үздіксіз үйренді, үлгі алды, өсті, өнді, өркен жайды. Одан арғысы бәрімізге де белгілі, яғни менің қымбатты сыныптасым Нұрекеңнің онан кейінгі, ендігі қызмет жолы туған халқының көз алдында өтіп жатыр.
Иә, Нұрсұлтан елінің бағы үшін жаралған ер. Ол Қазақстан мемлекетін талай-талай қиын-қыстау күндерден аман алып өтті, Тәуелсіздік туын желбірете отырып, баянды болашаққа қарай батыл бастап барады.
Жасай бер, еліңнің қалаулы ері – Нұрсұлтан! Біз әрдайым мақтаныш етеміз. Ел-жұртың саған қапысыз сенеді.
Жомарт СЕКСЕНБАЕВ, Елбасының сыныптасы.

Астана мен Алматыдан Ыстықкөлге тікелей рейс ашылды
Логистика • Бүгін, 10:11
Талдықорғанда есірткі таратқан ерлі-зайыпты ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:59
Степногорскіде оқушылардың жеке деректері тарап кеткен: Кінәлілер жазаланды
Оқиға • Бүгін, 09:45
Табиғатты қорғау – ортақ жауапкершілік
Экология • Бүгін, 09:10
Спорт • Бүгін, 09:07
Жануарлар • Бүгін, 09:05
Футбол • Бүгін, 09:03
Қоғам • Бүгін, 09:02
Музыкалық платформадағы күй күмбірі
Мәдениет • Бүгін, 09:00
Химия саласының келешегі сараланды
Шымкент • Бүгін, 08:58
Жанар атты жалқы кейіпкер хақында...
Әдебиет • Бүгін, 08:55
Тұлға • Бүгін, 08:53
Таным • Бүгін, 08:50
Әдебиет • Бүгін, 08:48
Мексика Оңтүстік Кореяны жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды
Спорт • Бүгін, 08:45