04 Наурыз, 2017

Конституциялық реформалар – заман талабына берілген лайықты жауап

519 рет
көрсетілді
39 мин
оқу үшін
Кеше Мемлекет басшысының қатысуымен Парламент палата­л­ары­ның бірлескен отырысы өтті. Алқалы жиынның күн тәртібіне «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы шығарылды.

Бұл тарихи шешім ел дамуының жаңа парағын ашады

Бірлескен отырыстың беташарын­да сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Конс­ти­туциясына өзгерістер енгізу ар­қылы жүзеге асырылатын саяси рефор­малардың басты факторлары мен аспек­тілерін атап көрсетті. Елбасы еліміз­дің Негізгі Заңына енгізу ұсы­ныл­ған өз­герістер жобасын әзірлеу үдерісіне ар­найы тоқталып, оны талқылау бары­­сын­да жариялылық қамтамасыз етілгенін айтты. – Менің Жарлығыммен әзірленген конституциялық реформалар жобасы бір ай бойы өткен бүкілхалықтық қызу талқылауға салынды. Әр адам ұсыныс беру құқығына ие болды. Бәріміз заң жобасын жаппай талқылап қана қоймай, оның сапалы болғанын көріп отырдық, – деді Қазақстан Президенті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Жұмыс тобы атқарған жұмыстың қоры­тын­дысына тоқталып, Конститу­ция­ның 26-бабына қатысты өзгерістерді халықтың кей бөлігінің әрқалай түсін­генін айтты. – Жұмыс тобына Конституция бап­тарының үштен екісін және оның барлық бөлімін қамтитын 6 мың ұсыныс келіп түсті. Бүкіл конституциялық ре­фор­ма қоғамымызды біріктіре түсуге бағытталады. Сондықтан мен 26-бапты бұрынғы редакцияда қалдыруды ұсы­намын. Жалпыұлттық талқылаудан өт­кенін ескеріп, заң жобасын Қазақстан хал­қының ортақ ұстанымы деп байып­тау­ға болады. Жұрт өз сөзін айтып, сол ар­­қылы мемлекеттік биліктің жаң­ғы­­руын қол­дады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы өз сөзінде қазіргі рефор­ма­лардың ерекшелігін атап өтіп, елді саяси жаңғыртудың жекелеген кезеңдеріне назар аударды. – Біріншіден, жаңа заң Парламент­тің мемлекеттік істердегі, соның ішінде Үкіметті жасақтаудағы рөлін ай­тар­лықтай күшейтеді. Екіншіден, эконо­миканы тікелей басқару жөніндегі өкілеттіктер берілетін Үкіметтің дербес­тігі артады. Үшіншіден, құқық қорғау және сот жүйесінің конституциялық негізі жаңғыртылады. Заңдардың сақ­талуын жоғары деңгейде бақылау, сотта мемлекет мүддесін қорғау жайын қарастыратын прокуратура қызметінің базалық негіздері қалана­ды. Төртіншіден, конституциялық ба­қылау жүйесі нығая түседі. Бесінші­ден, Тәуелсіздігіміздің, бір­тұтас­тығымыздың, аумақтық тұтас­тық пен басқару нысанының өзгер­мейті­ні­не конституциялық деңгейде беріле­тін кепілдік бекемдене түседі, – деді Елбасы. Мемлекет басшысы осы жиында биліктің барлық тармағының жоғары кәсібилігін, олардың өзіне жауапкершілік алып, шешім қабылдай алатын қабілетін атап өтті. Бұдан бөлек, Қазақстан Пре­зиденті президенттік басқару нысанының сақталатынын, мемлекет пен қоғамды одан әрі жаңғырту үшін саяси жағдайлар жасау мақсатымен жүргізіліп жатқан реформалар бағытының өзгермейтінін мәлімдеді. – Жолдауда айтылған жаңа мін­деттер заң шығарушы және атқару­шы органдарға айрықша жауапкерші­лік жүктейді. Парламент пен Үкіметтің өкілеттіктерін кеңейту ел экономи­касының үшінші жаңғыруының мақ­саттарына тиімдірек қол жеткізуге септігін тигізетін болады. Бір айқын мәселе – Қазақстанның өзіне тән саяси моделі, яғни тұрақты президенттік билік сақталады. Сонымен бірге, Парламент пен Үкіметтің өкілеттігі неғұрлым кеңейіп, олардың рөлі арта түседі. Өзімнің тәжірибеме сүйене отырып айтайын, өкілеттікті тиімді қолданудың өзі асқан өнер. Біздің президенттік билік жайында осы жылдардың ішінде түрлі пікірлер айтылды. Бірақ, біз ең алдымен өзімізге, қазақстандықтарға, халқымызға не керек, сонымен жүрдік. Осы нағыз дұрыс жол. Бұл қажырлы еңбек пен ыждағаттылықты қажет етеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы өз сөзінде тоқталып өткен­дей, саяси жаңғырудың технологиялық жаңғырумен қатар қолға алынуы айрық­ша маңызға ие. Олар бір-бірін күшей­тіп, толықтыра түсуі керек. Елбасы Жол­дауында айтылған міндеттер заң шы­ғарушы, атқарушы органдарға да ерек­ше жауапкершілік жүктейді. Жаңа жаһан­дық ахуалда мемлекеттің алға қой­ған стра­тегиялық бағдары өзгермек емес. Мем­лекеттік меже – даму көшінің басындағы 30 елдің қатарында болу. Саяси һәм техно­ло­гиялық жаңғырудың мақсаты да осы. Елбасы Парламент қабырғасында Қазақстанның басқару жүйесінде қол­ға алынған өзгерістер қоғамды демо­кратияландырудың маңызды кезең­дері­нің бірі екенін атап өтті. Ал демо­кратиялық құндылықтарға арқа сүйеген өзгерістер Қазақстанның әлемдегі отыз озық мемлекеттің қатарына қосылуына ықпалын тигізетіні сөзсіз. Қаңтар айында конституциялық реформа жасау туралы бастама көтерілгеннен бергі аралықта тиісті заң жобасы әзірленіп, бір ай көлемінде бүкілхалықтық талқылаулар өткені мәлім. Оған барлық саяси партия­лар мен қоғамдық ұйымдар, ғылыми және шығармашылық ұйымдар, қоғам белсенділері, қарапайым халық өкілдері атсалысты. Қоғамдық саяси ортада 2 мыңнан астам, ғылыми-шығармашылық ортада 50-ден астам республикалық деңгейдегі басқосу өтті. Конституциялық реформаларға қатысты өңірлерде 10 мыңға тарта шара өткізіліп, оған 2 мил­лионнан астам адам қатысқан. Бұл мәсе­ле ақпарат құралдарында қызу талқы­ланып, 6 мыңға жуық ұсыныс түскенін айта кету керек. Отандық БАҚ-тар да әр азаматтың конституциялық реформаға қатысты ой-пікірлерін, ұсыныстарын білдіру үшін толыққанды жағдай жасады десек, артық айтқандық емес. – Кейбір баптар азаматтардың төтен­ше назарын аударып, қоғамда үл­кен резонанс тудырды. Халқымызда «Кеңесіп пішкен тон келте болмас» деген аталы сөз бар. Бұл пікірлер елімізде әлі де түйіні тарқамаған түйткілдер бар екенін айқын көрсетті. Ұсыныстардың көпшілігі топтастырылып, Конституция үшін керек баптары қабылданды және көп ұсыныстар заңдарға өзгеріс жасау мәселесіне қатысты болады. Оны Үкімет жағынан және сіздер қарайсыздар. Олар­ды кейінірек қарастыруға да мүм­кіндік бар. Сонымен қатар, алдағы жұмыс­т­ардың қандай болуы керек екен­дігін айқындап берді. Менің тапсырмам бойынша жұмыс тобы ұсыныстардың маңыздылығын ескере отырып, тиісті заң жобасын дайындады. Ол заң жобасын менің төрағалығыммен жұмыс тобының отырысында талқылағанымызды, қоры­тындысын жасағанымызды білесіздер, – деді Елбасы. Президент конституциялық рефор­маға қатысты заң жобасының депутаттық корпусқа тапсырылуының маңызы турасында да айтып өтті. – Парламент депутаттарынан тиіс­ті заңнамалар мен үдерістерді сақтай отырып, көпке созбай аталған заң жобасын қарастыруды сұраймын. Конституцияда негізгі заңды өзгертудің екі жолы бар. Президент талқылаудан кейін өз­герістерді жалпыхалықтық референ­думға жібере алады немесе парламенттік талқылау болады. Мемлекеттік бас­қару­дың, адам құқықтары мен бостан­дықтарының негізгі басымдықтары өзгермейтіндіктен, көп шығынмен референдум өткізудің қажеті жоқ. Сондықтан мен заң жобасын халық сайлаған депутаттық корпустың қарауына ұсынуды жөн санадым. Депутаттық корпус бұл жұмысты ойдағыдай атқара­ды деп сенеміз. Баршамыздың мақ­са­тымыз бір – мемлекеттік басқару жүйе­сін бұдан да тиімді әрі тұрақты ету,– деді Н.Назарбаев. Елбасы сөзінде айтылғандай, жаңа заң жобасында Конституцияның 23 ба­бына өзгеріс енгізу қарастырылған. Ел­басы­ның тапсырмасымен, Президент­­тің шаруашылық басқаруына 35 өкілетті­гін төменгі деңгейге беру ұсынылады. Конс­ти­туцияның 23 бабында көрсетіл­ген, басқа да заңдардағы Президент өкілет­тіктері Парламент пен Үкімет құзырына өтеді. Ол заңдар көп ұзамай Парламентке енгізілетін болады. – Біз осы заңдар арқылы билік тар­­мақтары мен олардың деңгейлері ара­сын­дағы өкілеттіктерді барынша тиім­ді етіп, қайта бөлеміз. Осының бәрі жаһан­дық және өңірлік сын-қатерлерге уақ­тылы жауап беріп, алдын алу үшін жаса­лып отыр. Ол Ата Заңға бұған дейін ен­гізілген өзгерістерден әлдеқайда ма­ңызды және ауқымды деп санай­мын. Сол себепті, бұл тарихи шешім ел дамуы­ның жаңа парағын ашқалы отыр. Саяси жаңғыру конституциялық реформа арқылы нақты жүзеге асатын болады,– деді Елбасы. Сөзінің соңында Мемлекет басшысы Парламент депутаттарына заң жобасын белгіленген барлық үдерістерді сақтай отырып қарастыру жөнінде ұсыныс білдірді. – Мынау зымырап бара жатқан уақыт­тан дер шағында озу қажет. Бұл оңай емес. Конституциялық реформалар Қазақстан қай бағытта жүреді деген сұраққа біздің нақты жауабымыз болғалы тұр. Ол – демократиялық даму бағдары. Біз – жауапты сәттердің бәрінде ауызбіршілігімізді паш еткен халықпыз. Қазір де осы асыл қасиеттерімізді таны­туға тиіспіз. Ел болашағы үшін ай­рық­­ша маңызды істі абыроймен атқара­тыны­мызға нық сеніммен тиісті заң жобасын Парламентке енгізіп отырмын. Енді Парламент заң жобасын қараудың күн тәртібін мұқият сақтай отырып, ашық және жариялы түрде құжатты қарауы қажет. Мәселеге елдік мүдде тұрғысынан қарап, заңды ұзаққа созбай қабылдайсыздар деп мен кәміл сенемін. Жұмыстарыңызға табыс тілеймін, назарларыңызға раxмет! – деп сөзін түйіндеді Мемлекет басшысы.

Парламенттің пәрмені күшейіп, Үкіметтің жауапкершілігі артады

Мемлекет басшысынан кейін сөз алған Президент Әкімшілігінің Басшысы – Мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөнін­дегі жұмыс тобының жетекшісі Әділ­бек Жақсыбеков ұсынылып отырған өзгерістердің нақты жобасын Парла­мент депутаттарына таныстырды. Ә.Жақсы­бековпен қатар, Жұмыс тобының өзге де мүшелері депутаттардың жаңа құжатқа қатысты сауалдарына жауап беріп, ұсыныстарына құлақ түрді. – Мемлекет басшысы Парламент қарауын­а берген заң жобасында ел азамат­тарының көпшілігі қолдаған ұсыныстар назарға алынды. Ұсынылып отырған конституциялық реформаларды негізгі бес блокқа бөліп қарауға болады. Біріншісі – түзетулер Парламеттің рөлін күшейтуге бағытталған. Үкіметті жасақтаудағы Мәжі­лістің рөлін күшейту ұсынылады. Соны­мен қатар, Үкімет пен оның мүшелері­нің қызметін бақылау өкілеттігі бойынша Парламент палаталарының рөлін күшейту қарастырылған. Үкімет құрамын жасақтау кезінде келесі тәртіп ұсынылады. Мемлекет басшысы бұл қадамға барлық билік тар­мақтарының жұмы­сының тиімділігін арт­тыруға, соны­мен қатар, олардың арасында өзара тепе-теңдіктің сақталуы үшін барып отырғанымыз туралы айтқан болатын. Үкімет құрамын жасақтау кезінде келесі тәртіп ұсынылады. Премьер-Министр Мәжіліспен кеңескеннен кейін Мемлекет басшысына Үкімет мүшелігіне үміткерлер туралы ұсынысты енгізеді. Президент өзі тағайындайтын Сыртқы істер министрі мен Қорғаныс министрі ғана бұл ережеден тысқары қалады, – деді Ә.Жақсыбеков. Жұмыс тобының жетекшісі айтып өткендей, билік тармақтары арасында өкі­леттіктер қайта бөлінгеннен кейін Пар­ламенттің жаңа құрамы сайланса, Үкімет құрамы да қайтадан жасақталады. – Конституциялық реформалар ая­сын­да маңызды бір норма бар. Оған сәйкес, Үкімет өз өкілеттігін жаңадан сайланған Парламенттің алдында тапсырады,– деді Ә.Жақсыбеков. – Парламенттің әрбір пала­та­сы қандай да бір министрдің жұ­мы­сына қанағаттанбаса, Президенттің атына үндеу жолдау арқылы министрді жұмыстан босата алады. Жаңа заң жобасында қарастырылған тағы бір маңызды мәселе прокуратура жұмысына қатысты. Бас прокуратураның бірқатар өкілеттіктеріне қатысты Мәжіліс депутаты Глеб Щегельский Қазақстан Президенті Әкімшілігінің Басшысына сауал қойған болатын. – Мен заң жобасын бірінші оқылым­да қабылдауды қолдаймын және әріптес­теріме де осы заң жобасын қолдауды ұсын­амын. Баяндамашыдан мына мәсе­лені анықтап алғым келеді. Құрметті Әділ­бек Рыскелдіұлы, қолымыздағы Конс­ти­туцияның 83-бабы 1-тармағына сәй­кес, прокуратура заң және өзге де құқық­тық актілерді қабылдауға наразы­лық білдіре алады. Ал ұсынылған өзгеріс­терде прокуратураның аталған өкілеттігі алынып тасталған. Бұл өзгеріс не үшін жасалғанын айтып беріңіз, – деді депутат. Ә.Жақсыбеков бұл жаңашылдық прокуратура органдарын жаңғырту мақ­сатында енгізілгенін жеткізді. – Қазіргі заңнамада тым күрделі мәсе­ле­лер көп. Негізгі Заңда болса, осы орган­ның тек басты базалық өкілеттіктерін қал­дыру қарастырылған. Бұл – заңды ұста­н­уға қатысты жоғары қадағалау, сотта мем­лекет мүддесін қорғау, қылмыстық қуда­лау құзыры. Прокуратураның барлық өкілет­тігін жеке заңнамада нақты белгілеу көзде­ліп отыр. Өз кезегінде, бұл прокуратура орган­дарының мүмкіндіктерін уақыт талаптарына сай жинақыландыруға жол ашады,– деді ол. Бірлескен отырысқа қатысқан Бас прокурор Жақып Асанов та өзі басқаратын ведомство өкілеттігінің азаюы немесе азаймауы Парламенттің құзырында екендігін тілге тиек етті. – Жалпы, біздің жұмысымыздың негізгі бағыты заңдылықты қамтамасыз ету, мемлекет мүддесін қорғау, қылмыстық қудалау. Соның барлығы бүгінгі жаңа жобада сақталған. Қолымыздағы заң жобасында біздің көп функциямыз егжей-тегжейлі жазылған. Біздің заман талабына сай көптеген өзгерістерді дер кезінде жасай алмай келгеніміз жасырын емес, сол себепті, жаңа құжатта көрсетілген мәселелер өте орынды деп есептеймін. Жалпы, өкілеттіктеріміз азая ма, әлде арта ма, ол жағы Парламенттің құзырында. Бұл мәселеге қатысты сіздердің алдарыңызға әлі талай келеміз,– деді Бас прокурор. Конституциялық өзгерістер Елбасы­ның мораторий жариялау құқығына әсер етпейді. Бұл туралы Ә.Жақсыбеков депутат Азат Перуашевтің сауалына қайтарған жауабында айтты. Қолданыс­тағы Конституция Президентке Заңдық күші бар заңдар немесе жарлықтар шығару құқығын беріп келді. Түзетулер жоба­сында Конституцияның 45-бабы 2-тармағынан бұл құқықты жою ұсыны­лады. Тәуелсіздік жылдарында Президент үш мәрте мораторий жариялағаны белгілі. Дағдарыс кезінде бұл шаралар кәсіпкерлік сала үшін айтарлықтай демеу болып, бірқатар кәсіпкерлерді құлдыраудан құтқарып қалды. – Бүгінде бизнестің осы мәселеге қатысты қаупі бар. Президенттің мораторий жариялау құқығы сақтала ма? Және ол қандай нормаларға сүйенбек?– деді депутат. Президент Әкімшілігінің Басшысы Елбасының бұл өкілеттігі Конституция­ның 45-бабының 1-тармағына сәйкес сақ­та­ла­тынын айтты. Яғни, республика Прези­денті Конституция мен заңдар негізінде елдің аумағында міндетті күші бар жарлықтар мен өкімдер шығарады. А.Перуашев айтқан мораторий осындай жарлықтармен бекітіледі. Ата Заңымыздың 91-бабында «Конс­титу­цияда белгіленген мемлекеттің біртұ­та­стығын және аумақтық тұтастығын, рес­­пуб­ликаны басқару нысанын өзгертуге болмай­ды» деген жолдар тайға таңба бас­қа­ндай көрсетілген. Парламентке жаңа­дан түскен заң жобасында бұл бап­қа қатысты не айтылған? Осыған алаң­даушыл­ық білдірген депутат Бақытжан Әбдірайым­ның тарапынан сұрақ қойылды. Ә.Жақсыбеков оған былай деп жауап берді: – Осы мәселе бойынша бізге халық тарапынан, қоғамдық ұйымдардан, зиялы қауым өкілдерінен көптеген сұрақтар түсті, ұсыныстар айтылды. Сондықтан, Президент 91-бапқа сәйкес, Тәуелсіздік – негізгі құндылық деп шешті. Бұл бапқа ешқандай өзгеріс жасалмайды. Президенттің облыс пен қала әкімдері шығарған актілерінің күшін жою туралы құзыры сақталады. Мәжіліс депутаты Серік Бектұрғанов бұл туралы: – Конституциялық өзгерістер туралы заң жобасында Президент облыс, қала әкімдерінің актілерін толық немесе жартылай тоқтата алады деп көрсетілген. Сонымен қатар, Конституцияның өзге де баптары бойынша Үкімет облыс, қала және Астана әкімдерінің актілерін толық немесе жартылай тоқтата алады деп жазылған. Бұл екі бап бір-бірімен бәсекелесіп, қайшылықтарға соқтырмай ма?– деген сауал қойған-ды. Оған еліміздің Конституциялық Кеңе­сі­нің Төрағасы Игорь Рогов жауап берді. – Бұл баптар жаңадан енгізілген жоқ, қазіргі Конституциямызда бұрыннан бар. Бұл құзыреттілік қалдырылды. Бұған дейінгі тәжірибемізде екі баптың қайшылығы туралы оқиға тіркелген емес, – деді Конституциялық Кеңес Төрағасы. Конституциялық өзгерістерге сәйкес, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды бағыттары бойынша Үкіметтің жауапкершілігі күшеюде. Жаңа заң жобасында көрсетілгендей, алдағы уақытта Үкімет мемлекеттік бағдарламаларды өзі әзірлеп қана қоймай, оны іс жүзіне асыруға да толықтай жауап­ты болмақ. Бұл мәселеге қатысты Мәжіліс депутаты Ирина Аронованың сауалына орай, Әділбек Жақсыбеков былай деп жауап берді: – Үкімет өзге инстанцияларға жауап­кер­шілік жүгін арта алмайды. Себебі, ат­қарушы билік өзі әзірлеген стратегиялық құжаттарға қатысты жауапкершілікті де өз мойнына алуға тиіс. Бұл Үкіметтің жауапкершілігін жоғарылатып қана қоймай, оның жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Депутаттар Жұмыс тобының мүше­леріне сұрақ қойып қана қоймай, өз тарап­тарынан жаңа құжатқа қатысты ұсы­ныстарын да жеткізді. Мәселен, Мәжі­ліс депутаты Анар Жайылғанованың пайымдауынша, қазіргі Конституцияның 44-бабының 3-тармағында көрсетілгендей, Президент Қорғаныс министрін, Ішкі істер, Әділет, Сыртқы істер министрлерін өзі тағайындауға құқылы. – Аталған норманың ұсынылған редакциясына сәйкес, бұл тізімнен Әділет министрі мен Ішкі істер министрі алынып тасталған. Әділет министрлігіне қатысты өзгеріс өзін-өзі ақтайды делік. Ал Ішкі істер министрлігінің азаматтар­дың қауіпсіздігі мен ішкі қауіпсіздікті сақтаудағы рөлі стратегиялық маңызға ие екендігін ескерсек, менің сұрағым бар. Бәлкім, Ішкі істер министрін тағайындау өкілеттігі Президент құзырына берілуі керек шығар, – деді депутат. Ә.Жақсыбеков атап өткендей, бұл мәселені орынды деуге болады. Президент еліміздің Жоғарғы Бас қолбасшысы болып табылады, ал Ұлттық ұлан – Ішкі істер министрлігінің бөлімшесі. – Президент заң жобасын Парламентке талқылау үшін берді. Меніңше, бұл мәселеге қатысты баршамыз Келісім комиссиясымен ақылдасуымыз керек, оның құрамында Жұмыс тобының да мүшелері бар. Мүмкін, Қорғаныс министрі сияқты, Ішкі істер министрін қызметке тағайындау мен босату құқығы да Президентке берілгені жөн болар. Екінші оқылымда тиісті шешім қабылдаймыз деп сенемін, – деді бұл туралы Ә.Жақсыбеков. Президент Әкімшілігінің Басшысы – Мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Жұмыс тобының жетекшісі Ә.Жақсыбековтің қатысуымен өткен жиыннан кейін үзіліс жарияланды. Қос палатаның бірлескен отырысы түстен кейін қайта жалғасты.

Ел болашағының айшықты бедері

Осы күні өткен Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин жетекшілік еткен бірлескен отырыстың келесі бөлімі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылауға арналды. Талқылау барысында Парламент депутаттары конституциялық реформалар жөнінде өз пікірлерін айта келіп, заң жобасына енгізілгелі отырған өзгерістердің мән-маңызына баса назар аударды. Алқалы жиында бірінші кезекте сөз алған Мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов жиында алдағы өсу жолы­мыз­ды айқындайтын тәуелсіз тарихы­­мыз­дың шежіресіне айналар өзекті іс талқыланып отырғанын, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған тағдыр­лы мәселе – саяси басқару жүйе­сін жаңғыртудың өзекті мәселе екенін атап көрсетті. Біз бір ай бойы Елбасы­мыз бас­тамашы болған билік тармақ­тары өкі­леттіктерін қайта бөлу туралы қағи­дат­тың қыр-сырына үңілдік, түбегей­лі тал­қыладық. Нәтижесінде, ел Прези­денті­нің саясат сынағындағы өжет қимылы шын мәнінде екінің бірінің қолынан кел­мей­тін батыл қадам екеніне көз жет­кіз­дік. Расында да, Президенттің өз билігі­нің көптеген бөлігін биліктің өзге тар­мақ­тарына беруі біздің тәуелсіздік ғұмыр­на­мамызда ғана емес, арғы-бергі тарихы­мыз­да болмаған, әлемдік саясатта кездесе бермейтін ерекше бетбұрыс, деді депутат. Б.Ізмұхамбетов, сондай-ақ, тәуелсіздік таңы атқан алғашқы күннен бастап, әрбір қадамын нық басып, алдын ала болжам жасап, барлық қиындықтарды сарабдал саясатымен еңсеріп, елін, халқын өркениет биігіне жетелеген Елбасымыздың бұл жолы да заман тынысын дөп басып, батыл қадамдар жасағанына тоқталды. Қазақ­стан тұрақтылық сән-салтанат құрған, алпауыт елдермен иық теңестірген азулы мемлекет болды. Мұның Тұңғыш Пре­зидентіміз негізін қалаған мықты президенттік басқарудың арқасында бағындырған биіктер екені сөзсіз. Енді осы жетістіктерімізге тірек, өркениетімізге өзек болар үлкен өзгерістер қолға алынғалы тұр. Елбасы өзі жасаған қазақстандық дамудың жаңа кезеңінде Парламент пен Үкіметке зор сенім артты. Осы жерде баса айта кететініміз, азаттықтың ақ таңы атқан күннен Елбасының батыл қадам­дарын, әлеуметтік-экономикалық, саяси бастамаларын жүзеге асыруда Парламентке айрықша жауапкершілік жүктеліп келеді. 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдум өтіп, бүгінгі талқыланып отырған Ата Заңымыздың тұсауы кесілген кезден бастап, біздің қос палаталы Парламент ашық пікірлер мен жария саясаттың биік орны ғана емес, сонымен бірге, мүмкіндігі мол, қуаты мықты, маңызды мемлекеттік әрі халықтық институт болып қалыптасты, деді ол. Қазіргі таңда қолға алынған саяси реформа­ларды тәуелсіздік алған күн­нен демо­кратиялық даму үрдісіне ден қо­йып, халықтың үні мен қалауын алдың­ғы қатардан түсірмей келе жатқан Елба­сы­ның сындарлы саясатының заңды жалғасы деп атаған депутат, ендігі кезекте Үкімет Президент алдында қалай есеп берсе, Парламент алдында да сондай жауапкершілікте болатынын, сондай-ақ, алдағы уақытта Парламент Үкімет құрамын жасақтауға белсене қатыса алатынын жеткізді. Бұдан бөлек, ол енді Үкімет Елбасымыз белгілеген басым бағыттар аясында қажетті шешімдер қабылдап, әлеуметтік-экономикалық салаға толығымен жауап беретінін, Президенттің бірқатар өкілеттігі бөлінгенмен, Тәуелсіз еліміздің бүгінге дейінгі тұрақты дамуының кепіліне айналған президенттік басқару формасы өз күшінде қалатынын атап көрсетті. Сонымен бірге, Б.Ізмұхамбетов қоғамы­мыздың Елбасы Үндеуі мен Жолдауын талқылау барысында болашақ­қа байыпты болжам жасай отырып, өз ұсы­ныс-тілектерін жеткізгеніне екпін берді. Осындай ұсыныстардың бірі Қазақстан Республикасының президенттігіне канди­дат­қа қойылатын негізгі талаптарға қатыс­ты болды. Конституцияның 41-бабында ел Президентінің лауазымына кандидаттарға қойылатын біліктілік өлшемдерінің ішінде жоғары білім жайы ескерілмегені мүлдем ақылға қонымсыз. Тіпті, мемлекеттік қызметтің ең төменгі сатысы үшін де жоғары білім болуы қаралған, ал елді басқаратын президенттікке кандидат үшін бұл қаралмаған. Сондықтан да президенттікке кандидатқа қойылатын басты талаптар қатарында міндетті түрде жоғары білімінің болуын Конституцияға енгізу қажет деген нақты ұсыныс бар. Бұл болашақта орын алуы мүмкін келеңсіздіктің алдын алудың бір жолы деуге болады, деді депутат. Сөзінің соңында шешен: «Елін сүйген – елі сүйген Елбасының айналасына топтасып, біз, қазақстандықтар, «Мәңгі­лік Ел» құндылықтарын нығайту жолын­да уақыттың кез келген сын-қатері­не қарсы тұра алатынымызға, тәуел­сіз Қазақстанымыздың тұрақты дамуын, өркендеуін және барлық азаматтары­мыздың әл-ауқатының ұдайы өсуін қамта­масыз ететінімізге, әлемнің ең бәсекеге қабілетті мемлекеттерінің қатарына қосылатынымызға сенімдіміз!» – деді. Бұдан кейін сөз кезегі сенатор Серік Ақылбайға берілді. Ол бірінші кезекте өткен кезең ішінде халқымыздың рухы мен бірлігінің арқасында республикамыз барлық көрсеткіштер бойынша жоғары нәтижеге қол жеткізгенін атап көрсетті. Саясаттың тұрақтылығы мен көп бағыт­ты­лығы еліміздің экономикасына үлкен ин­вестицияларды тартудың кепілі бол­ды. Барлық осы жетістіктер Қазақ­стан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіздіктің алғашқы күн­дерінен бастап жүргізген сали­қалы саясатының арқасында мүмкін болды. Дегенмен де, осы жетістіктерге қара­мастан, Қазақстан қол жеткізген табыстарында тоқтап қалмай, дамудың жаңа белесіне түбегейлі жаңа идеялармен өтуде. Себебі, прогресс және жалпы мем­ле­кеттің өміршеңдік мәселелері әрқа­шанда өзінің өзектілігін сақтап қалуда, деді сенатор. Сөзін әрі қарай жалғаған С.Ақылбай тәуелсіздік жылдары ішінде заңдар мен қоғам институттары адами сана және қоғам үрдісімен бірге бірте-бірте дамуы тиіс екендігін ұғына отырып, Прези­дент мемлекетіміздің дамуының жаңа жолдарын көрсетіп келе жатқанын қозғады. Қазақстан одан бетер бәсекеге қабілетті мемлекет болу үшін не істеуіміз керек? 25 жыл ішінде Тәуелсіздіктің барлық жетістіктерін қалай сақтауға болады? Мемлекетті басқарудың тиімді­лігін қалай жақсартуымыз керек? Елімізге одан да көп инвестицияларды қалай тартуға болады? Барлық осы сауалдар өзекті болып табылады және нақты жауапты қажет етеді. Айтылған сауалдарға жауап ретінде еліміздің саяси өміріндегі жаңа бағыттарды білдіретін нысан – ұсынылып отырған конституциялық реформа деп санаймын, деген сенатор қоғамдық сананың өзгерістеріне әсер ететін, стратегиялық ойлау қабілеті өте жоғары саясаткер болғандықтан, Елбасы Қазақстанда демократияның негіздерін одан әрі нығайту мақсатында Парламент пен Үкіметтің рөлін айтарлықтай арттыруды ұсынып отырғанын жеткізді. Оның айтуынша, қазіргі таңда қоғам Президент ұсынған конституциялық реформалар бойынша маңызды шешімдер қабылдау табалдырығында тұр. Бұл ел тарихының аса маңызды сәті болып табы­лады, себебі, Конституцияға енгізілетін өзгерістер қазақстандық мемлекеттіліктің архитектурасына оң әсерін тигізеді. Сондай-ақ, сенатор қазіргі қол­даныстағы Конституцияға толықтырулар мен өзгерістер 1998, 2007 және 2011 жылдары енгізілгенін, аталған өзгерістер мемлекеттің дамуына өзінің оң әсерін тигізгенін сөз ете келіп, қазіргі уақытта бұқара­лық ақпарат құралдарында жария­ланған конституциялық өзгеріс­тердің мағынасы конституциялық негіз­дердің қорғау тетіктерін күшейту, Парламент пен Үкімет арасындағы кейбір өкілеттік­терді қайта бөлу, прокуратура мен сот жүйесіндегі конституциялық негіз­дерді нақтылау, сонымен қатар, жергі­лікті мемлекеттік және өзін өзі басқару орган­дары қызметінің құқықтық негіз­дерін одан әрі жетілдіру болып табылатынын көлденең тартты. Сенатор өз сөзінде еліміздің Прези­дентін сайлауды заңды түрде одан әрі реттеу бөлігіндегі Конституцияның 41-бабы 2-тармағына толықтыруларды енгізу туралы депутат Б.Ізмұхамбетовтің бастамасын қолдайтындығын білдірді. Қоғам мен мемлекет үшін президенттік институттың орасан зор маңыздылығы тұрғысында еліміздің Конституциясында және «Сайлау туралы» Конституциялық заңда президенттіктен үміткерлерге қойылатын талаптар мен шарттарға елеулі назар аударылуы тиіс. Осы орайда, әріптестерімді ұсынылған редакцияны қолдауға шақырамын. Пайымдауымша, осы аталған түзетулер толықтай конс­титуциялық реформалардың мазмұнына сәйкес келеді, деді С.Ақылбай. Талқылау барысында Мәжіліс депу­таты Бақытгүл Хаменова бүгінде әлемдік қоғамдастық Қазақстанды бейбітшілік салтанат құрған, береке-бірлікті ту еткен ел ретінде танитынына тоқтала келіп, сын сәтінде қазақ жұртының тізгінін қолына алған Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев бабалар аманатына адалдық танытып, еліміздің абырой-беделін бұрын-соңды болмаған биікке көтергеніне екпін берді. Сондай-ақ, ол биылғы жылғы Елбасының билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі Үндеуі ел дамуының жаңа міндеттерін айқындап бергенін айтты. Тәуелсіздіктің таңы атқалы қазақ жұртының шаңырағын шайқалтпай, ел еңсесін тіктеуді ғана ойлаған Елбасы биліктің басқа тармақтарына өзінің 60-қа жуық өкілеттігін беру туралы шешім шығарды. Бұл – уақыттың өзі екшеген, елге деген сенімнен туған әділетті шешім. «Мен не істесем де, қабырғалы халқыма арқа сүйеп істедім» деген Елбасының салиқалы сөзі бар. Елбасының 26-бап туралы шешімі осы орамды ойдың нақты дәлелі, деді Б.Хаменова. Депутат, сонымен қатар, бұдан тура үш ай бұрын, Ата Заңымызда мемлекетімізді құрудағы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бірегей үлесін атап өту жөнінде және Елбасының тарихи болмысы кеңінен насихатталуы керектігін, бұл орайда сәу­летті бас қаламыз – Астанаға, еліміздің маңызды нысандарына Елбасы есімін беру тұр­ғысында ұсыныс айтқанын еске сала келіп, осы ойын талқылау барысында қайта жаңғыртты. Халқымыз үшін аса қасиетті Тәуел­сіздік, Егемен Қазақстан, Тұңғыш Прези­дент, Елбасы ұғымдары әлдеқашан бір-бірінен ажырағысыз егіз ұғымдарға айналған. Ендеше, Конституциядағы 91-баптың 2-тармағының нұсқасын: «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының ерен еңбектері, тәуелсіз ұлттың қалыптасуына жасаған толағай табыстарын да ерекшелеп, бірегей үлесі аталып өту қажет», – деген мәтінмен толықтыруды ұсынамын. Осы орайда, қалың жұртшылықтың ойы да біздің Тәуелсіздікті тұғырлы еткен Көшбасшымыздың саяси, тарихи тұлғасын Ата Заңымызда айқындау жөнін­дегі ұсынысымызбен бір арнаға тоғыс­ты, деді депутат. Б.Хаменова сөзінің соңында елімізде қолға алынған конституциялық реформалар алты Алаштың баласы­ның игілігіне айналатынына сенетінін жеткізді. Сенатор Асқар Бейсенбаев Тәуел­сіз­діктің 25 жылында атқарылған жетістіктер қазіргі саяси жүйенің жемісі екеніне тоқтала отырып, әлемдегі өзгерістерге сай Елбасы тарихи бастамаға жол ашқанын, Қазақстанның дамуы үшін Конституцияға қажетті өзгерістерді ұсынғанын және оны бүкілхалықтық талқылаудан өткізуді тапсырғанын айтты. Талқылауға қоғамның барлық өкілдері белсене қатысты және өз ұсыныстарын айтып, Үндеуді қолдады. Бұл конституциялық реформа халқымыздың ынтымағы мен бейбіт өміріне кепілдік береді. Мем­ле­кеттілігіміздің негізгі тірегі – прези­дент­тік басқару билігі сақталады. Қазақ­стан­да президенттік басқару нысаны елімізді ұлтаралық араздықтан, саяси және әлеуметтік дағдарыстан қор­ға­ғаны бар­шамызға белгілі. Сондық­тан, прези­денттік билік нысаны еліміз­дің мента­литетіне, халқымыздың сұраны­сына, заман талабына толық жауап береді, деді сенатор. Сонымен қатар, А.Бейсенбаев Пре­зиденттің өз өкілеттігін биліктің бас­қа тармақтарына ықыласымен беруі тарихта сирек кездесетін оқиға екенін атады. Тәуелсіз елімізді күллі әлемге мойындатқан, жаңа Қазақстан мем­лекетінің архитекторы – Нұрсұлтан Назарбаев. Сондықтан, Қазақстанның Тұң­ғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөлін Конституцияда бекіту туралы әріптесіміз Бақытгүл Хаменованың ұсынысын қолдаймын. Елбасы саясатының, күш­ті президенттік биліктің арқасында Қазақ­станда нарықтық экономика қалып­тас­ты. Экономикалық институттар құрылу, қалыптасу кезеңінен өтіп, тұрақты даму деңгейіне жетті, деді ол. Одан әрі А.Бейсенбаев барлық дамыған мемлекеттер өзінің саяси-демократиялық дамуында адам құқық­тары мен бостандықтарына ерекше көңіл бөлетініне назар аудара келіп, «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты – ел ішінде заңдылықты күшей­теді және атқарушы билік орган­дарының қызметін құқықтық негізді реттейді. Қазақстанда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымы 2002 жылы Пре­зидент Жарлығымен бекітілді. Әлем­нің көптеген мемлекеттерінде Адам құқық­тары жөніндегі уәкілді Парламент сай­лайды және Конституция деңгейінде бекі­тіледі. Конституциялық реформа аясын­да, Парламент өкілеттілігін кеңейту мақ­сатында, Қазақстан Республикасы Конс­ти­туциясының 55-бабының 1-тар­мағына «Сенаттың ерекше қарауы­на мына­лар жатады: Қазақстан Респуб­лика­сы Президентінің ұсынуымен Қазақ­стан Республикасындағы Адам құқық­тары жөніндегі уәкілді 5 жылдық мерзім­ге сайлау мен қызметтен босату», – де­ген өзгерту енгізуді ұсынамын», деді сенатор. Оның айтуынша, осы норманы Конституцияға енгізу, Парламент пен Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесін күшейтеді, жауапкершіліктерін арттырады. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының конституциялық бекітілуі – тұлға мәртебесінің күшеюіне және адам және азаматтың бостандықтары мен құқықтары жүзеге асырылуының кепілдігіне бағытталған демократиялық дамуындағы маңызды қадам. А.Бейсенбаев сөзінің соңында тал­қыланып отырған заң жобасымен толық келісетінін және өзге әріптестерін де оны қолдауға шақыратынын айтты. Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев өз сөзінде депутат Б.Хаменова мен басқа да әріптестері­нің Тәуелсіздіктің қалыптасуында Қазақ­станның Тұңғыш Президентінің ат­қарған айрықша рөлі мен мәртебесін Конституцияда бекітуді ұсынған ұсынысын қолдайтынын және оны бүгінде өзекті әрі негізделген қадам деп санайтынын атап өтті. Елбасы бүгінгі таңда билік тармақтарының әлеуетін кеңейтіп, олардың ел алдындағы жауапкершілігін де арттырып отыр. Үнемі ұлттық мүдде үшін, парламентаризм мен бизнесті қолдау бастамаларын көтеріп келе жатқан «Ақ жол» партиясы Президенттің конституциялық реформасын жоғары бағалайды және Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи ықтиярына алғысын айтады. Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Елімнің тәуелсіздік алып, өз алдымызға отау көтеріп, елордамызды салып, әлемге танылып жатқанымызға 25 жылдың жүзі болды. Осы жылдың ішінде Қазақстан халқын бір атаның баласындай бір шаңырақ астында бауырластырып, олардың әрқайсысына туған тілін, дінін, мәдениетінің гүлденуі мен ұлт ретінде ұйыса дамуына еркіндік беріп отырған, соларды қанаттандырып отырған Елбасының еңбегі ерен. Расында да, халықтар тұрғысынан алғанда Президенттің еңбегі – зор мәні бар тарихи еңбек, деді А.Перуашев. Сенат депутаты Людмила Полто­ра­батько Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жы­лын­да табысты мемлекетке айналғанын, бұл туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаев 25 жылдыққа арналған салтанатты жиында ерекше тоқталғанын сөз ете келіп, Конституцияға өзгеріс енгізу Парламенттің рөлін күшейтіп, дербестігін арттыруға, Үкіметтің жауапкершілігін жоғарылатып, сот жүйесі мен прокуратура қызметінің конституциялық негіздерін түзетуге бағытталған. Ұсынылып отырған өзгерістер заман талаптарынан туындаған. Менің ойымша, бұл қоғамдық-саяси процестерді нақты көрсетіп тұр. Сондықтан мен оны қолдаймын, деді сенатор. Одан әрі Л.Полторабатько өз сөзін сот жүйесі мен прокуратураның конс­титуциялық негіздеріне байланысты өзгерістерге қатысты өрбітті. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында сот қызметтерінің тиімді заңдық базасы жасалып, соттардың тәуелсіздігін арттыру үшін кешенді шаралар жүзеге асырылған. Сонымен қатар, сот ісін жүргізу процедурасы жеңілдетіліп, сот инстанциялары оңтайландырылды. Конституциялық нормада бекітілген судьяларға қойылатын талаптар тәуелсіздік жылдары өзінің тиімділігін дәлелдеді. Қазіргі таңда сот қызметінің құқықтық негіздері, судьяларға үміткерлерге қойылатын талаптар, оларды іріктеу тәртібі «Сот жүйесі туралы және Қазақстан Республикасы судьяларының статусы» туралы және «Қазақстан Рес­публикасының Жоғары Сот Кеңесі» туралы Конституциялық заңдарымен рет­те­леді. Конституцияның 81-бабына ен­гізі­ле­тін өзгерістің редакциясында Жоғарғы Сот азаматтық, қылмыстық және басқа да істер бойынша Жоғарғы сот органы болатыны, заңда белгіленген тәр­тіп бойынша өзіне тиесілі заңмен рет­телген сот істерін қарастырып, сот практикасын түсіндіретіні айтылған, деді ол. Бұған қоса, сенатор Конституцияның 83-бабы бойынша прокуратура мемлекеттің атынан республика заңнамаларының жүзеге асырылуын бақылайтынын, сонымен қатар, жедел іздестіру қызметі, әкімшілік және атқарушы өндірісті, мемлекеттік органдар мен қоғамдық қатынастағы түрлі салалар қызметінің заңдылығын қадағалайтынын жеткізе келіп, «Конституцияның 83-бабы бойынша заң жобасындағы өзгерістер прокуратура қызметінің одан әргі дамуының басқа жолын ұсынып отырғанын айтты. Дегенмен, оның Қазақстан Республикасы а