13 Сәуір, 2011

Қаһармандықты қастерлеу

401 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Қырық жылдық тарихы бар № 26 гимназия - Челябі қаласындағы таңдаулы білім ордаларының бірі. Гимназия тек соңғы жылдар ішінде бірнеше атаулы мемлекеттік гранттарды жеңіп алды. Мұнда оқушыларға сапалы білім берудің өзіндік оң тәжірибелері қалыптасқан. Гимназия оқушылары Бүкілресейлік, облыстық және қалалық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болып, ұдайы жеңімпаз атанып келеді. Мектеп директоры Татьяна Шишкинаның айтуынша, гимназияда жалпы білім берумен қатар, оқушы тұлғасының жан-жақты, жарасымды жетілуіне де айырық­ша мән беріледі. Әсіресе шәкірт­терді басқа халықтардың тарихы­мен, мәдениетімен, дәс­түр-салты­мен кеңірек таныс­тыру арқылы оларға Ресей сияқ­ты көп ұлтты мемлекетте қа­лы­п­тасқан ұлыс­ара­лық қатына­с­тар­дың, көрші мем­лекеттермен өз­ара достық бай­ланыстың ма­ңызын ұғын­ды­ру­ға мүмкіндік жасалуда. Мәселен, жақында Челябі қа­зақ­тарының облыстық «Азамат» қоғамдық орталығының бас­тама­сымен осы гимназияда Кеңес Одағының Батыры Бауыр­жан Мо­мышұлын еске алу кеші бо­лып өтті. Оған Челябі облысы Білім және ғылым министрінің бірінші орынбасары Е.Коузова бас­тап, қалалық және қала ау­дан­да­рындағы білім бас­қармаларының бірқатар қыз­мет­кер­л­ері, жергілікті қазақтар, гимназия ұстаздары мен шә­кірттері қатысты. Шәкірттерге не­гізінен ақ­па­рат­тық-фило­ло­гия­лық, лингвис­ти­ка­лық-ақпараттық және әлеуметтік-экономикалық бе­йінде білім беретін гимназия ұжымы әзірлеген атал­мыш кеш аясында қазақ хал­қы­ның даңқты перзенті – Бауыр­жан Мо­мыш­ұлы­ның азаматтық һәм жауын­герлік өмір жолы жан-жақты көрсетілді; қатысушылар оның аңызға айнал­ған ерліктері хақында жүрек­жар­ды сөздер айтты. Сондай-ақ осы кеште мектеп оқушылары арасында өткізілген «Что я знаю о Бауржане Момыш­улы» деп аталатын шы­ғар­ма­шы­лық жұмыстардың қалалық кон­курсы мәреге жетті. Конкурсқа қала мектептерінің отыздан астам оқушысы қатысты. Шығарма са­йы­сына түскендердің басым көп­шілігі – №26 гимназияның шә­кірт­тері. Нәтижесінде олардың жетеуі жүлделі орынға ие болды. Ал 11 сынып оқушысы Вера Однокозованың шығармасы ең үздік деп танылды. – Оқушылар шығармаға жан-жақты дайындалды, – дейді гимназия кітапханасының меңгеру­шісі Ва­­лентина Терина. – Олар Бауыр­жан Момышұлы туралы әдебиет­тер­ді оқыды, фильмдерді көрді. Ме­нің өзім оқушыларға Бауыржан Мо­мышұлының «Москва үшін шай­қас», «Ұшқан ұя» кітаптары бойын­ша бірнеше рет әңгіме өткіздім. Сол шығармалардың кейбіреулеріне көз жүгіртейік: «Мені Бауыржан Момыш­ұлы­ның өмірі мен ерлігі аса қызық­тырды, – деп жазады 8-сынып оқу­шысы Екатерина Бендер. – Өлімнен де, оқтан қорықпаған осы батырлар туралы әлі де біле түскім келеді. Олар туған елі мен әлем халықтарының бейбіт өмірін қор­ға­ды, бұл ер­лердің есімін біз мәң­гі­лік жү­ре­гі­мізде сақтауымыз керек». 11-сынып оқушысы Олег Терин былай дейді: «Отан қорғау­шы­лар ерлігі ұр­пақ­тар­дың есінде мәң­­­гі­­лік қалады. Олар­дың есімін жа­д­ы­мызда ұстап, жанқияр­лық ерліктеріне тағзым ете отырып, біз мұндай істердің қасиетті міндеттілік қана емес, тарихтың ұлы оқиғаларына араласқан бақытты мүмкіндік екендігін де ұмыт­пауымыз керек». «Қазақстан – менің бір Ота­ным, – деп толғанады 11-сынып оқу­шы­сы Ирина Антонова. – Мен Қос­та­най қаласында тудым, кейін отб­а­сымыз Ресейге қоныс аудар­ды. Қа­зақ­стан­ның бай тарихы мен мәде­ниеті біздің жүрегімізде мәңгілік ізін қалдырды. Балалық шағымның естен кетпейтін ең қызықты кезең­дерін осы елмен байланыстырамын. Кішкен­та­йым­­нан орыс мәдениеті­мен бірге, қа­зақ мәдениетін де бо­йыма сіңір­генімді мақтаныш тұта­мын... Әлі есімде, бала кезімде мүл­де таныс емес бір адамның ескерткішін көрдім. Есейе келе сұра­сам, ол Ұлы Отан соғысы­ның қаһар­маны Бауыржан Момыш­ұлының ескерткіші екен. Осы­дан кейін мен ол туралы әде­биет­терді оқи бас­тадым. Сөйтіп, Бауыржан есі­мін әрбір адам білуге тиіс деп түй­дім... «Страна должна знать своих героев!» дей­ді Ресейде. Бауыр­жан есімі нақ осы Ресей халқының тарихи жадында болу­ға тиіс... Тоғы­зын­­шы мамырда Қазақ­стан­дағы әже­ме кел­ген кезімде, міндетті түр­де Бауыр­жан Момыш­ұлы­ның ескерткішіне гүл шоғын қоямын...». Ал ең үздік шығарманың иесі Вера Однокозова өз ойын былай түйіндепті: «Бізде Ұлы Отан со­ғы­сы туралы Жеңіс күні қар­саңында ғана ойланатын әдет бар. Бұл мүлде дұрыс емес. Бү­гінгі қол жеткізген жақсы өміріміз бен барша игілігіміз – соғыс батыр­лары­ның жеңімпаздығымен келді. Оқулықтарда жазылған есімдерді ғана емес, фашизмге қарсы соғыс­қан әрбір адамды мен соғыс қа­һар­маны деп есептеймін. Бауыр­жан Момышұлының ерлігі – бүкіл Кеңес Одағының ерлігі. Мұндай адамның есімін ешқашан ұмытпай есте сақтауымыз керек!». Белгілі режиссер Қалила Омар­ов­тың «Қазақтың Бауыр­жа­ны» деректі фильмін «Азамат» қоғамдық орталығы өз баста­масы­мен орыс тіліне аударып, ресейлік көрермендердің қабылдауына ың­ға­йл­аған екен, кеш сол шығар­ма­мен түйінделді. Серікқали БАЙМЕНШЕ, «Егемен Қазақстан» – Мәскеуден.