06 Наурыз, 2017

Несібе табуға несие серіктестігі септеседі

194 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Маңғыстау өңірінде алғашқы не­сие­лік се­ріктестігі құрылып, ауыл шаруа­шы­лы­ғы­­мен айналысатын кәсіпкерлерге қол­же­­­­тімді несие беруді бастады. Енді шаруа қожалықтары «Маң­ғыстау» несиелік се­рік­тестігіне хабарласып, қаржылай кө­мек­ке қол жеткізе алады. Несие мемлекеттік қол­дау­дың ар­қасында, яғни «Аграрлық несиелік корпорациясы» АҚ арқылы жүргізіледі. Шағын және орта бизнесті не­сиелеуге берілетін қар­жы қол­же­тімді бола түсті. Бұл ауыл ш­а­­руа­шы­лы­ғында еңбек етіп жүр­­­ген кәсіпкерлерге, әсіресе мал шаруашылығы, сүт және ет өнім­­дерін өңдеу, ба­­лық өнім­де­рін шығару және басқа да бизнес түр­ле­рін дамытуды қолға ал­ған­дар үшін көптен күткен жа­ғымды жа­ңалық болды. Маңғыстау индустриялық па­ла­тасының өкілі Н.Оқуовтың айтуынша, шаруа қожалықтарына не­сие 14 пайыздық жылдық сый­а­қы мөлшерлемесімен бе­ріледі жә­не өңірлік ауыл шаруашылығы бас­қар­ма­сы арқылы субсидиялау мүм­кіндігі де қара­с­ты­рылған. Не­сие мерзімі 108 айға, яғни 9 жылға дей­ін беріледі. Негізгі қарызды тө­леу жеңілдігінің ке­зеңі 24 ай, ай­налым қаражатын толықтыру үшін же­ңіл­де­тілген пайыз мөл­шер­лемесімен берілетін не­сие­нің қай­тарылу мерзімі 24 айға дейін. Қаржылай қолдауға ие болған кә­сіп­кердің бірі «Ерлан» шаруа қо­жа­лығының жетекшісі Толыбай Сариев түйе шаруашылығымен ай­налысуды осыдан 4 жыл бұ­рын бастаған. Кәсіпкердің Қара­қия ауданы «Қарабарақты» тө­ңі­ре­гіндегі жеке қожалығында жай­ылым жері бар. Ферма иесі өз бизнесін әрі қ­арай дамыту мақсатында «Маңғыстау» не­сие­лік се­ріктестігіне жолығып, 74 бас түйе алу үшін 30 млн теңге кө­ле­мінде қаражат сұраған. Оның биз­нес-жобасын комиссия қарап шық­қан соң, сұраған қа­ра­жатын бе­ру жөнінде шешім шығарды. – Бұрын мен сауда-саттықпен ай­налысып, Ақтөбе мен Орал­дан ет, мал әкеліп саттым. Уа­қыт өте ке­ле, өзімнің жеке шаруа­шы­лы­ғым­д­ы ашқанды жөн сана­дым. Ша­руа қожалығын ашқан соң тү­йе өсіруді қол­ға алдым. Қа­зір түйе сүті мен ашытылған сүт өнім­дерін, яғни шұбат, құрт, бал­­қаймақ өндірумен ай­налысамыз. Бұл – отбасылық бизнес. Біз үшін негізгі табыс көзі – шұбат. Ұлт­тық сусынның 1 литрі 500-600 тең­геден сатылымға шығады. Ме­нің ойым­ша, несиені қайтаруда қиын­дық туындамауы тиіс, се­бе­бі сүт өнімдеріне сұраныс жо­ға­ры, – дейді кә­сіпкер. Қазіргі таң­да оның жеке қожалығында 50 шақ­ты түйесі бар, оған несие қаражатына алған 74 түйе қо­сы­ла­ды. Нәтижесінде алдын ала жос­парға сәй­кес, айына 3000-нан 5000 литрге дейін сүт және сүт өнім­дері алынады деп болжам жа­салды. «Маңғыстау» несиелік се­рік­­тес­тігінің бас маманы А.Ертілеу­дің айтуынша, екін­ші дең­гейлі банк­тер ауыл кә­сіп­кер­ле­­рінің бизнес-жобаларын не­­сие­­леуге аса қызығушылық та­ныт­­пайды. Несиелік серіктестік бол­­са, шаруа қожалықтарын қар­жы­лай қолдайтын бі­регей қаржы инс­ти­туты саналады. Демек, кә­сіп­кер­лерге мемлекет тарапынан жа­салып отырған қол­даудың мүм­­кіндігін дұрыс пайдалана білу қа­­жет­тігі туындап тұр. Кәсібі мен несібесін ауыл ша­руа­шылығы саласы­нан іздеймін де­гендердің тәуекелі жанып, іс бас­тауына бұл тағы бір мүмкіндік. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан» Маңғыстау облысы