Бүгін "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы аясында "Егемен Қазақстан" қолға алған жобалардың тұсаукесеріне қатысқан меймандар аталған жобалардың маңызы туралы пікір білдірді. Біз сол пікірлердің бірнешеуін ұсынып отырмыз.
Әділ Ахметов, ғалым, «Егемен Қазақстанның» тұрақты авторы:
Бүгін «Егеменнің» жаңа деңгейге көтерілген сәтін көріп отырмыз. Қазір еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін компьютерде жұмыс істейді. Көп нәрсені компьютер арқылы оқиды. Президенттің биылғы Жолдауында «Цифрлы Қазақстан» туралы айтылды. Міне, «Егемен» жоғары деңгейден көрініп, маңызды шараны іске асырып үлгерді.
Аймақтағы жұрт газетті жаздырып алса, орталықтағы оқырмандар көбіне дүңгіршектен сатып алады. Бірақ «Егемен Қазақстанды» дүңгіршектерден табу қиын болғандықтан, жұрт баспаханадан іздейтін. Қазір күнделікті таңертең компьютерді қоссаңыз, газеттің pdf-нұсқасы келіп тұрады.
Газетте саясатты, экономиканы, мәдениетті терең талдайтын мақалалар көбейді. Бүгінде «Егеменнің» қамтымайтын саласы жоқ деуге болады. Өте жақсы оқылатын газетке айналды. Газет әлемдік басылымдардың жетістіктерін үлгі етіп отыр. Мысалы, Financial Times газетінде ең өзекті мақалалар бірден көрініп тұрады. Қазіргі «Егеменде» де солай.
Сирек фотоларға қатысты жобалар да маңызды. Фотошежіре дегеніміз – тарих. Фото да сөйлейді. Сондай құнды суреттерді цифрлап жұртшылыққа ұсыну үлкен жетістік деп ойлаймын. «Егемен Қазақстанның» оқырманы қазір де көп, оған сұраныс бұдан кейін де артады деп сенемін».
Мырзатай Жолдасбеков, мемлекет қайраткері, ғалым:
«Жобалардың бәрі ірі жаңалықтар екенін, өте маңызды, аса қажет шаруалардың жасалып жатқанын көріп отырмын. Біз жаңалықтан кейін қалмауымыз керек. Бүгінде газеттің мазмұны да жақсарды - мақалалары қазір тез оқылады, газеттің өзі де қолға ұстауға ыңғайлы болды. «Егемен Қазақстан» қазір қолдан түспейтін газетке айналды».
Сұлтан Оразалинов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
«Бүгінгі үш жобаның біреуі - бүкіл «Егеменнің» тарихы. Ал «Егеменнің» тарихы - елдің тарихы. Мен Ұлттық кітапханадан газеттің 1928 жыл мен 1968 жыл аралығындағы тігінділерін қарап шыққан едім. Онда өте маңызды мақалалар бар. Олардың сіздер шығарғалы отырған он томға кіруі, цифрлы үлгіде жариялануы – қазақ тарих ғылымы үшін ірі оқиға. Өйткені, зерттеуге қажет материалдарды мұрағатта шаң жұтпай, үйде отырып-ақ қарауға болады. Ал қазіргі «Егеменді» қарап отырып бүгінгі тарихымызды білеміз, келешегімізді бағамдай аламыз. Мәңгілік елдің айнасы болатын газет – осы. Жас журналистер «Егеменнің» бетінде жиі көріне берсін. «Егеменге» жастардың жігері мен батылдығы да керек деп ойлаймын.
Қайрат Сақ, Еуразия ұлттық университеті журналистика және саясаттану факультетінің деканы:
«Журналистика елдің тарихын жазады. «Егемен Қазақстанның» жүз жылғы тарихындағы материалдарды жоғалудан, көмескіленуден сақтау – баға жетпес еңбек. Және бұл біздің журналистика факультеті үшін де аса маңызды. Студенттер бұл жоба арқылы қазақ журналистикасының тарихымен кеңінен танысады, бірнеше ондаған жылдар бұрын жазылған мақалаларды талдайды, олар арқылы тарихымыздың маңызды кезеңдерін тереңірек біледі».
• 13 Наурыз, 2017
"Қазақ тарих ғылымы үшін ірі оқиға". Ел газетіндегі жобалары жайлы пікірлер

Қазақстан мұнай-газ саласындағы геологиялық барлауды жандандырады
Президент • Бүгін, 14:33
«Қостанай жастары» бағдарламасымен 344 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Бүгін, 14:28
Қазақтың ою-өрнегі ИСЕСКО-ның мұралар тізіміне енді
Өнер • Бүгін, 14:12
Алматыда Халықтық Конституцияны қолдайтын қалалық коалицияның алғашқы отырысы өтеді
Ата заң • Бүгін, 13:57
Абат Айымбетов румыниялық клубқа ауысты
Футбол • Бүгін, 13:20
Елде тіркелген SIM-карта халық санынан көп: Бір адамға бірнеше нөмір не үшін керек?
Қоғам • Бүгін, 13:05
Наурыз мерекесі қарсаңында қосымша пойыздар қатынайды
Қоғам • Бүгін, 13:00
Кедендік баж төлеудің мерзімі мен тәртібі қандай?
Қоғам • Бүгін, 12:55
Түркістанда инвесторларға қатысты негізсіз тексерулер тоқтатылды
Инвестиция • Бүгін, 12:50
Ерлан Қарин Ата заңның басты ерекшелігін атады
Ата заң • Бүгін, 12:42
Сарапшы: Ата заң асығыс жазылған жоқ
Ата заң • Бүгін, 12:35
Әдебиет оқырмансыз өмір сүре ала ма?
Әдебиет • Бүгін, 12:32
Жасанды интеллект мұғалімнің жұмысын қалай жеңілдетеді?
Білім • Бүгін, 12:20