14 Наурыз, 2017

Ауылдың алға басуына жол ашады

229 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
«Қазақстанның Үшінші жаң­ғыруы: жаһандық бәсекеге қабі­леттілік» атауымен 31 қаң­тар­да Елбасының кезекті Жол­дауы жарияланды. Өзім тарих пәні мұғалімі болғандықтан, Жол­дау­ды бірден оқып, танысып шық­тым. Ауылда тұрғандықтан, мені ауыл болашағы алаңдатады. Жол­дауда бірінші басымдықтың төр­тін­ші саласы аграрлық сектор эко­но­миканың жаңа драйверіне айналуы керек делінген. Жолдауда «Бес жыл ішінде 500 мыңнан астам жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге тартуға мүмкіндік бере­тін жағдай жасау керек», деп жазылған. Елбасының ауыл өніміне үлкен қолдау көрсетуі мені де қатты қуантты. Мен де оқушыларыма ауылшаруашылық өнімін өндірумен шұғылданудың тиімділігін айтып отырамын. Әрбір жеке үй шаруашылықтары зама­науи техникамен жабдық­талып, мал өсіру, құс асырау, бау-бақша өсірумен кәсіби түрде шұғылданса, сапалы да мол өнім алары анық. Әрі Жолдауда бұдан былай өз кәсібін ашу үшін қалада да, ауылда да 16 миллион теңгеге дейін шағын несие бері­леді делінген. Ауылда жеке үй шаруа­шылығымен айна­лыс­са, әрі ауқатты, әрі өз ісінің қожа­­йы­ны болатынын жастарға түсін­дірумен келемін. Елбасының Жолдауында төр­тінші басымдық адами капитал сапасын жақсарту дей келе, қала мен ауыл мектептері арасын­дағы білім беру сапасы­ның алшақтығын азайту керек екендігі айтылған. Сондай-ақ, 2019 жылдан бастап қазақ тілі­нің басымдығын сақтай отыра, кей­бір пәндер ағылшын тілінде оқытылады делінген. Мен де бұл қадамды құптаймын. Үш тілді қатар меңгеру мәселесі біраз жылдан бері айтылып келеді. Сөзден іске көшетін уақыт жетті. Бұл – заман талабы. Біздің мектептің мұғалімдері де біліктілікті арттыру курстарына барып, білімдерін үнемі жетілдіріп отырады. Соңғы уақытта адамдардың жаппай қалаға көшуі тоқталып, жеке қожалықтар көбейіп, мал, құс ұстап, егін егумен айналыса­тын шаруашылықтардың саны ар­тып келеді. Дегенмен, ауылымыз­да әлі де тындырар шаруа же­тер­лік. Соның бірі ауылдың ма­ңын­дағы ағып жатқан өзеннің бөге­ті бұ­зы­лып қалып, суы тар­ты­лып қал­ды. Бұрын ауыл тұрғын­дары жа­ға­сына бау-бақша егіп, мал суа­рып, балық аулап, жазда ыс­тық­та суға түсіп демала­тын еді. Сол бөгет қалпына кел­тіріл­ме­й, ауылдың сәні кетіп тұр. Көгіл­­дір отын жүргізілсе, жас­тар ауылға тұрақтап, кәсіп­тің не­­бір түрлерін ашып, жаңа­дан тұр­­ғын үй­лер салынар еді. Әйт­песе, тұр­ғын­дар­дың көпш­і­лігі әб­ден тозығы жет­кен ескі үй­лер­де тұрып жатыр. Міне, осын­дай мә­се­лелер шешуін тапса, Ел­басы­ның Жол­дауын­да айтыл­ған­дай, ал­дағы уақытта 30 елдің қата­ры­на қосылып, жа­ңар­тылған мек­тебі­міз талай шәкірт­терді оқытып, тәрбиелеп, еліміз­дің гүлденуіне өз үлесін қоса берер еді. Гүлмира АЯНҒАЛИЕВА Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Приречный ауылы