17 Наурыз, 2017

Мырзатай Жолдасбеков. Түркітанудағы тың талпыныс

712 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Қазақстанда түркологиялық зерттеулер қазір негізгі екі бағыт бойынша жүргізіліп келеді, олар: ерте дәуірдегі және одан кейінгі жазба ескерткіштерді зерттеу; қазіргі түркі халықтарының тілі мен мәдениетін синхронды зерттеу.

Мырзатай Жолдасбеков. Түркітанудағы тың талпыныс

Жазба ескерткіштерді кеңес түр­ко­логтары біршама жақсы зерттеді. Оларды жа­ңаша тұрғыдан Батыс пен Шығыстың, ТМД-ның, оның ішінде Қазақстанның ғалымдары да саралап-сараптауда.

Дүние жүзінде 40-тан астам түркі тілі бар. 2009 жылғы халық санағына сәй­кес, Қазақстанда 25 түркі этносы мекендейді екен. Еліміздегі түркі ха­лық­тарының тілдерін, мәдениеті мен та­ри­хын синхро­нды талдау бүгінге дейін рет­сіз жүргізіліп келді.

Қазіргі түркі тілдерінің қалыптасу та­ри­хын, олардың жіктелуін, қазақ, орыс және басқа да тілдермен байланыста дамуын, сондай-ақ, Қазақстандағы түркі этностары мәдениеттерінің бір-біріне әсе­рін зерттеу де зор қажеттілік болып та­­былады. Төл топырағынан тысқары өмір сүріп жатқан түрік этностарының тіл­­дік құрылымы, олардың тілдерінің да­муын­дағы социолингвисткалық фактор­лар­­ды талдау аса маңызды.

Жақын туысатын түркі тілдері мен әд­е­биетін біреуінің басымдыққа ие жағ­дайда өзара әрекеттесуін зерттеу де – ауқымы кең тақырып.

Қазақстан Халықаралық түркі акаде­мия­сы, ТҮРКСОЙ, ТүркПА сынды инсти­туттар қызметінің, «Мәдени мұра» мем­­лекеттік бағдарламасының аясында түркі халықтарының рухани және ма­териалдық мәдениетін зерттеу үшін ма­ңызды қадамдар жасап отыр.

Білім мен ғылым саласында да көп­те­ген жұмыстар атқарылуда. «Түрко­ло­гия» мамандығы бойынша Қазақстан­ның үш жоғары оқу орнында кадр­лар дая­р­ланады. Қ.А.Ясауи атындағы Ха­лық­аралық қазақ-түрік университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни­верситетімен қатар, осыдан алты жыл бұ­рын Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлт­тық университетінде түркология кафедрасы ашылды.

ЕҰУ-да «Түркология» мамандығы бойынша барлық үш сатыда (бакалавр­иат – магистратура – PhD докторантура) білім беріледі.

Кафедра ұтқырлық бағдарламасы аясындағы әріптестік, PhD докторант­та­ры үшін шетелдік консультанттарды шақыру, ғылыми форумдар мен се­ми­нарлар өткізу, жазғы және қысқы түр­ко­­логиялық мектептер ұйымдастыру ба­­­ғыттары бойынша халықаралық байла­ныс­­тарды белсенді түрде дамытып к­е­ле­ді. Бұл жұмысқа Ресей, Түркия, Гер­ма­ния және Венгрия елдерінің танымал түр­колог ғалымдары тартылған.

ЕҰУ-дің түркология кафедрасы Германия, Венгрия, Түркия, Армения, Қырғызстан, Ресей, Украина, Өзбекстан ел­дерінің түркологиялық кафедралары­мен, Санкт-Петербург пен Мәс­кеу­дің ғылыми орталықтарымен жә­не түр­­кологиялық мектептерімен, Ресей Фе­дерациясының субъектілерімен (Хакасия, Тува, Таулы Алтай, Татарстан, Баш­құртстан) тығыз ғылыми байланыс­тарды жолға қойған.

Түркология кафедрасы үшін шетелдік түркологиялық мектептермен, мәселен, негізгі жұмыс бағыттарының бірі ежелгі түркі жазба ескерткіштері, сондай-ақ жо­ғалып бара жатқан түркі тілдері са­ла­ларындағы зерттеулер болып табылатын герман мектебімен байланыс орнату өте тиімді.

Қазіргі таңда қазақ-герман ынты­мақ­тастығы «Бұрынғы кеңестік Қазақ­стан­дағы түрік тілдері мен мәде­ниет­­терінің өзара қатынасы» атты ха­лық­аралық жобаның арқасында ны­ғай­ып
келеді. Бұл жобаны Германия­ның Берлин қаласындағы Еркін университет, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ ға­лым­да­ры­ның бір тобы «Volkswagen» қо­ры­ның грант­тық қолдауымен жүзеге асыруда.

2014 жылғы мамыр айында бас­талып, 2017 жылғы тамыз айында аяқталатын бұл жобада мына мәселелер кешені қамтылған: Қазақстан аумағын мекендейтін түрік этностарының тілдік құрылысы, олардың тілдерінің дамуына әсер ететін социолингвистикалық факторлар, өкілдері Қазақстан аумағында тұратын, жоғалып бара жатқан түрік тілдерін (қа­райым, қырымшақ, шор) құжаттау.

Осы жоба аясында Интернет арқылы барлық түркологтарға қолжетімді болатын электронды корпус жасалады. Бұл социолингвистикалық деректердің және Қазақстандағы түркі тілдерінің, оның ішін­де жойылып бара жатқан тілдер де бар, мәтіндік корпусының алғашқы элек­­тронды базасы болатынын атап өт­кен жөн.

Жоба екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең социолингвистикалық зерттеу жүр­гі­зуге негізделеді. Осы мақсатта мына мә­селелер қамтылған арнайы анкета жа­салды: өзін-өзі тану, төлқұжат бойын­ша этностық және ұлттық ерекшелік; халықаралық некелердегі ұлтты айқын­дау; отбасы тарихы (отбасының көші-қон тарихы); тілдік өкілеттілік, түрлі жағдайлардағы тілдік қолданыс; түрік этнос­тарына көрсетілетін мемле­кеттік қолдау (мектепте оқытылуы, бұ­қа­ра­лық ақпарат құралдары); білім деңгейі және т.б.

Анкеталық сауалнама Қазақстанның түр­лі өңірлеріндегі 2000-нан астам адам­ды қамтыды. Сауалнамаға қатыс­у­шылардың 54 %-ын әйелдер, 45 %-ын ер адамдар құрады. Зерттеу 10-нан 98-ге дейінгі жастағы респонденттер арасында жүргізілді. Респонденттердің басым бө­лігін 20-75 жас аралығындағы топтар құ­рады. Басқа жас топтары бойынша рес­понденттердің үлесі айтарлықтай тө­мен. Ең үлкен интервьюрердің жасы 98-де, ең кішкентайы 10 жас­та. Сауал­на­­маға қатысқандардың жас ал­шақ­ты­ғы 88 жасты құрады. Бұл түркі тіл­де­рі мен мәдениеттерінің даму ба­ры­сын­дағы ғасырға жуық аралықта бол­ған өзгерістерді айқындауға мүм­кін­дік берді.

Зерттеудің екінші кезеңі Қазақстан­дағы жойылып кету алдында тұрған түркі тілдерін құжаттандыруға арналған. 2009 жылғы халық санағына сәйкес, елімізде 493 гагауз, 218 қарайым, 35 қырымшақ, 96 шор, 37 тувалық, сонымен қатар татарлар (204.229), әзербайжандар (85.292), түріктер (97.015) сынды саны көп түрік этностары тұрады.

2014 жылғы наурызда Жамбыл облысына алғашқы далалық экспедиция ұйым­дастырылды. Жамбыл облысы Бай­зақ ауданындағы Мерке, Ақбұлым ауыл­дарын мекендейтін түркі тілді этнос­тар өкілдерінің аудио-бейне жазбасы жасалды. Неміс ғалымдары қазақ әріп­тестерімен бірлесіп, аудио-бейне құ­жаттаудың техникалық өлшемдері, ин­форманттардан сауалнама алу мен деректердің негізгі аспектілері, сонымен қатар метадеректер жүргізу арқылы тілдерді негізгі құжаттау бойынша семинар-тренинг ұйымдастырды.

2014 жылғы қыркүйекте жобаның екінші экспедициясы ұйымдастырылып, оған Франкфурт университетінің сту­денттері мен магистранттары, Л.Н.Гу­ми­лев атындағы ЕҰУ-дің түрко­ло­гия кафедрасының, сонымен қатар М.Х.Ду­лати атындағы Тараз мемлекеттік уни­верситетінің магистранттары қатыс­ты.

Жас зерттеушілерге құжаттаудың жа­ңа машықтарын, материалдарды ха­лы­қ­аралық стандарттарға сай дұрыс өң­деуді, социолингвистикалық зерттеу­лер материалдарын мұрағаттауды мең­ге­­руге керемет мүмкіндік жасалды. Ең бас­­тысы, түрлі этностардың өздерінің аман-есен, тілдері мен мәдениеттерін сақ­­­тап қалуға көмектескен қазақ хал­қы­­на деген алғыс сезімдерін жет­кіз­­­ді. Еліміздің түрлі өңірлеріндегі мә­­­­дени орталықтардың жетекшілері өз халықтарының өкілдерінің жас­та­­­рымен де, қарттарымен де кездесу ұйым­­­дастыруға үлкен қолдау жасады, әр этностың өкілдері бастан кеш­кен қа­сі­рет­тері туралы баяндап, Қазақ­стан­ның аза­маты екендіктерін мақтан тұ­та­тын­да­рын айтты.

Сөз жоқ, аталған халықаралық жоба Қазақстан мен Германияның ака­де­мия­лық дәстүрлері мен ғылыми мек­теп­тері арасындағы өзара түсіністік пен же­місті ынтымақтастыққа оң ықпал ете­ді, сондай-ақ, екі елде түркологияны да­мытуға көмегін тигізеді.

Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ түркітану кафедрасының меңгерушісі,

филология ғылымдарының докторы, профессор


Соңғы жаңалықтар